Хоккей

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан плей-офф кезеңіне шығуға жақын тұр

  • https://prosports.kz/

    https://prosports.kz/

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында, бүгін 31 мамырда Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнен кейін Норвегиядан басым түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бүгін өткен кездесуде қос құрама да алға ұмтылды. Дегенмен қақпаға бағытталған шайба діттеген жеріне жетпей жатты.

 

Ал 16-минутта қазақстандық Дмитрий Шевченко мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсуде.

 

Бүгін жеңіске жетсе олар бір тур бұрын плей-офф кезеңіне шығуға қол жеткізеді.

 

Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның екеуінде қазақстандық құрама басымдық танытса, үшеуінде норвегиялық хоккейшілер мықты екенін көрсетті.

 

Айта кетерлігі, бүгін негізгі кезеңде жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының плей-офф кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар.

 

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер буллиттен Латвияны 3:2, Финляндияны 2;1, негізгі кезеңде Германияны 3:2, Италияны 11:3 есебімен жеңді.

 

Ал АҚШ-қа 0:3, Канадаға 2:4 есебімен жол берді.

 

Осылайша алты ойыннан кейін он ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде үшінші орында тұр. Плей-офф кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар.

 

Ал алты ойыннан кейін бес ұпай жинаған Норвегия жетінші орынға жайғасқан. Олардың жарысты жалғастыру мүмкіндігінен қол үзіп қалды.

 

 

 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 02:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31