Хоккей

Хоккейден ел біріншілігінің финалында – "Арлан" мен "Ертіс"

  • Фото hc-ertic.kz сайтынан

    Фото hc-ertic.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф жүйесімен өткен жартылай финалдық ойындары тәмәмдалды. Финалға биыл да "Арлан" мен "Ертіс" шықты, деп жазады "Алаш айнасы".

Жартылай финалдық ойындар ұзаққа созылған жоқ. Екі жұпта да жеңімпаз бес ойында анықталды. Финалға былтырғыдай Павлодардың "Ертісі" мен Көкшетаудың "Арланы" шықты.

Өткен маусымда "Ертіс" төрт ойында қатарынан жеңіске жетіп, ел чемпионы атанған. Көреміз, биыл қалай боларын... "Арлан" есе қайтара ма, әлде "Ертіс" тағы да етпетінен түсіре ме?..

Ал үшінші орынға Атыраудың "Бейбарысы" мен Рудныйдың "Горняк" деп ататалтын клубы таласады.

Финалда төрт рет жеңіске жеткен команда Қазақстан чемпионы атанады. Яғни 10-24 сәуір аралығына белгіленген финалдық доданың жеті ойынға созылуы да мүмкін.

Ал қола жүлде жолындағы дода әрі кетсе бес ойынға созылады. Өйткені мұнда үш рет жеңіске жету қажет. Үшінші орынды сарапқа салатын командалар арасындағы ойындар 5-14 сәуір арасында өтеді.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1372    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2015, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31