Хоккей

Хоккейден ел біріншілігінің қола жүлдегері – Рудныйдың "Горнягы"

  • Фото icehockey.kz сайтынан

    Фото icehockey.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері анықталды. 2014/2015 жылдар маусымында қола медаль "Горняк" (Рудный) клубына бұйырды, деп жазады "Алаш айнасы".

Биыл қола медаль иегері тым тез анықталды. Үшінші орын сарапқа салынған дода үш жеңіске дейін созылуы керек болатын. Бұған дейін жазғанымыздай, қола жүлдеге Рудныйдың "Горнягы" мен Атыраудың "Бейбарысы" таласқан-ды.

"Горняк" бірден "қамшыны"басып, алғашқы үш ойында да Атырау хоккейшілерінен басым түсті. Жеңіске деген жігерлері басым болды. Алғашқы екі ойын Рудныйда өткен. Екеуінде де кеншілер клубы жеңіске жетті.

Бұдан кейін екі команда Атырауға барды. Алайда "Бейбарыс" өз айдынында да Рудный клубын жеңе алмады. Үшінші матч шектен тыс тартысты өтіп, қонақтар оветаймда жеңіске жетті. Сөйтіп, ел біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Жалпы, бұл – Рудный клубының ел чемпионатындағы бесінші қола жүлдесі. "Горняк" бұған дейін 2002, 2005, 2006 және 2007 жылдары қола жүлдегер атанып, екі мәрте күміс медаль еншілеген (2004 және 2008 жылдары).

2010 жылы ел кубогын жеңіп алғандарын есепке алмасақ, Рудный хоккейшілері соңғы жеті жылда жүлдеге қол жеткізе алмай жүрген. Енді, міне, жүлдеге ілігіп, жанкүйерлерін қуантты. Ендігі ароман-мақсаттары – әрине, алтын медаль. Өйткені, "Горняк" әлі ел чемпионы болып көрген емес.

Ал биылғы маусымдағы ел чемпионатының финалында Павлодардың "Ертісі" мен Көкшетаудың "Арланы" бас бәйгеге таласып жатыр. Әзірше есеп – 1:1.

Плей-офф. Үшінші орын үшін

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1186    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.04.2015, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31