Хоккей

Хоккейден Қазақстан жасөпірімдер құрамасы төмен сырғып барады

  • Фото icehockey.hu сайтынан

    Фото icehockey.hu сайтынан

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет ұтылды, деп жазады "Алаш айнасы".

Қазақстан U-18 құрамасы Дебрецен (Венгрия) мұзайдынындағы 2015 жылғы дүниежүзілік додада үш ойын өткізіп, екеуінде ұтылды. Енді жоғарғы дивизионның жалғыз жолдамасына таласып жатқан азулы екі құрамамен кездеседі.

Шындығын айтайық, хоккейші бозбалаларымыздың алдағы екі ойында жеңіске жетулері – екіталай. Өйткені, Дания және Беларусь таланттары – өте ширақ.

Кеше түнде Норвегия U-18 құрамасымен кездескен жас хоккейшілеріміз жігерімізді құм қылды. Матчты тәп-тәуір бастап, алға шықан еді. Екінші кезеңнің аяғына қарай 3:1 есебімен жеңіп тұрған...

Алайда, екінші кезеңнің соңғы минуттарында Норвегия жеткіншектері бір гол соғып, есепті қысқартты. Ал соңғы кезеңде үш гол соғып, біздің бозбалаларымызды сең соққандай күйге түсірді.

Үшінші кезеңнің аяғына қарай Норвегия құрамасының төрт ойыншысы бірінен соң бірі айдыннан қуылды. Біздің жігітер төрт минут бір хоккейшіге артық құрамда ойнаса да, гол соға алмай, пұшайман болды.

Ал соңғы минуттарда Норвегияның тағы да екі хоккейшісі іркес-тіркес айдыннан қуылып, Қазақстан U-18 құрамасы тамаша мүмкіндікке ие болды.

Әуелі бесеуі үш хоккейшіні қыспаққа алды. Мұзайдындағы жігіттеріміз гол соға алмай, діңкелеген соң, бапкерлер құрамы қақпашымыды алтыншы ойыншыға алмастырды. Бірақ алты хоккейшіміз де Норвегияның үш жігітінен айлаларын асыра алмай, жерге қаратты...

Енді бәрі де ертең шешіледі. Енді Норвегия U-18 құрамасының тілеуін тілейміз. Олар ертең Венгрия U-18 құрамасын жеңсе, біздің бозбалаларымыз бесінші орында қалады.

Ал Венгрия жеткіншектері жеңіп кетсе, онда бізге қиындау. Онда соңғы орынға ығысып, І-дивизионның "В" тобынан бір-ақ шығуымыз да ғажап емес.

Бұған дейін жазғанымыздай, 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы биыл әлем чемпионатының І-дивизионындағы "А" тобында сынға түсіп жатыр.

І-тур
Қазақстан U-18 – Франция U-18 – 1:7
Беларусь U-18 – Норвегия U-18 – 3:2 от
Дания U-18 – Венгрия U-18 – 9:1
ІІ-тур
Қазақстан U-18 – Венгрия U-18 – 6:5
Франция U-18 – Норвегия U-18 – 3:2 от
Дания U-18 – Беларусь U-18 – 4:3 от
ІІІ-тур
Қазақстан U-18 – Норвегия U-18 – 3:5
Беларусь U-18 – Венгрия U-18 – 7:2
Дания U-18 – Франция U-18 – 4:1

Үш турдан кейінгі жағдай:

1. Дания U-18 – 8 ұпай
2. Беларусь U-18 – 6
3. Франция U-18 – 5
4. Норвегия U-18 – 5
5. Қазақстан U-18 – 3
6. Венгрия U-18 – 0

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1532    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.04.2015, 11:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30