Хоккей

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші топта қалды

  • Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші топта қалды

    Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші топта қалды

Венгрияда шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан U-18 құрамасы І-дивизионындағы "А" тобындағы орнын сақтап қалды, деп жазады "Алаш айнасы".

Дебрецен (Венгрия) мұзайдынында өткен бүкіләлемдік біріншілік І-дивизионындағы "А" тобының додасы болатын. Ауызекі тілмен айтқанда, әлем чемпионатының – екінші тобы. Қазақстан жеткіншектері жоғары дивизион жолдамасына қол жеткізбек тұрмақ, осы топтағы орындарынан айырылып қала жаздады.

Әйтеуір бір ойында жеңіске жетіп, яғни Венгрия U-18 құрамасын ұтып, І-дивизионындағы "А" тобында қалды. Ал айдын иелері барлық ойында жеңіліске ұшырап, І-дивизионның "В" тобына түсіп қалды.

Біздің елдің жасөспірімдер арасындағы құрамасы соңғы ойындарын жоғары дивизионның жалғыз жолдамасына таласқан Дания және Беларусь бозбалаларымен өткізді. Екі ойында да жеңілістің кермек дәмін татып, бесінші орынға табан тіреді.

Әлем чемпионаты. І-дивизион, "А" тобы. Дебрецен (Венгрия) Ойындар нәтижесі

І-тур
Қазақстан – Франция – 1:7 Беларусь – Норвегия – 3:2 от Дания – Венгрия – 9:1
ІІ-тур
Қазақстан – Венгрия – 6:5 Франция – Норвегия – 3:2 от Дания – Беларусь – 4:3 от
ІІІ-тур
Қазақстан – Норвегия – 3:5 Беларусь – Венгрия – 7:2 Дания – Франция – 4:1
ІV-тур
Қазақстан – Дания – 2:5 Беларусь – Франция – 4:0 Норвегия – Венгрия – 4:1
V-тур
Қазақстан – Беларусь – 3:6 Дания – Норвегия – 2:1 Франция – Венгрия – 5:2

Сөйтіп, келесі жылы Дания U-18 құрамасы кіл мықтылар арасында, яғни жоғары топта бақ сынайтын болды. Ал Венгрия U-18 құрамасы, жоғарыда жазғанымыздай, І-дивизионның "В" тобында додаға түседі.
Қорытынды кесте:

Ескерту: Ор – орны, О – өткізген ойындары, Ж – жеңістері, ОЖ – овертаймдағы жеңістері, ОҰ – овертаймдағы ұтылыстары, Ұ – ұтылыстары, Ш/А – шайба айырмасы, Ұп – ұпайы.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1516    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.04.2015, 03:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31