Хоккей

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгрияда бақ сынайды

  • Фото iihf.com сайтынан

    Фото iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 12-18 сәуір күндері Венгрияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды, деп жазады "Алаш айнасы".

Еліміздің 18 жасқа дейінгі жасөспірмдер құрамасы биыл әлем чемпионатының І-дивизионындағы "А" тобында сынға түседі. Мұны деңгейі жағынан екінші лига де түсінген жөн.

Қазақстан жеткіншектері бірінші дивизионның "А" тобында Беларусь, Дания, Франция, Венгрия, Норвегия құрамаларымен додаға түседі. Бұл топта бірінші орын алған құрама жоғарғы дивизионға жолдама алады. Ал ең соңғы орынға табан тіреген құрама І-дивизионның "В" тобында жөнелтіледі.

Қазақстан U-18 құрамасы 2-4 сәуір күндері Астанада жиналып, жатттығу жұмыстарын өткізді. Содан соң Словенияға барып, дайындықтарын Еуропада пысықтады.

Мариборда тіпті екі рет жолдастық кездесу өткізіп, ойын өрнектерін жетілдіре түсуге тырысты. Словения U-18 құрамасымен екі мәрте мұзайдын додасына түсіп, біріншісінде 3:5 есебімен ұтылып қалды. Ал екіншісінде 4:2 есебімен жеңіске жетіп, есе қайтарды.

Мұзайдындағы жас таланттарымыз Дебрецен (Венгрия) мұзайдынына мына күндері шығады:

12 сәуір: Франция U-18 – Қазақстан U-18,
14 сәуір: Қазақстан U-18 – Венгрия U-18,
15 сәуір: Норвегия U-18 – Қазақстан U-18,
17 сәуір: Қазақстан U-18 – Дания U-18,
18 сәуір: Қазақстан U-18 – Беларусь U-18.

18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын Александр Линёв жаттықтырады. Оған Александр Денисенко мен Александр Заводов көмектеседі.

Бапкерлер құрамы ел намысын қорғауға мына жас хоккейшілерімізді іріктеп алыпты:

қақпашылар:
Никита Устинович ("Снежные Барсы", Астана)
Никита Бояркин ("Бүркіт", Қарағанды)
Александр Кутько ("Астана")
Антон Бруев ("Горняк", Рудный)
қорғаушылар:
Әнуарбек Тәнімов ("Снежные Барсы")
Рахат Маржықбаев ("Астана")
Ернұр Хасенов ("Торпедо", Өскемен)
Дмитрий Быков ("Торпедо", Өскемен)
Александр Токарев ("Снежные Барсы")
Сергей Лазарев ("Снежные Барсы")
Никита Медведев ("Снежные Барсы")
Кирилл Полохов ("Арыстан", Теміртау)
шабуылшылар:
Рүстем Айдаш ("Ертіс", Павлодар)
Әділбек Жанғазинов ("Торпедо", Өскемен)
Жан Сембіғазыев ("Торпедо", Өскемен)
Александр Мелихов ("Толпар", Уфа, Ресей)
Алексей Киселёв ("Номад", Астана)
Дмитрий Макеев ("Снежные Барсы")
Дмитрий Демьянов ("Горняк")
Александр Борисевич ("Юность")
Игорь Боровиков ("Астана")
Константин Пальмтаг ("Бүркіт", Қарағанды)
Кирилл Панюков ("Снежные Барсы")
Захар Пархоменко ("Торпедо", Өскемен)
Максим Павлов ("Торпедо", Өскемен)
Бари Сабуров ("Юность", Қарағанды)
Максим Смоляков ("Торпедо", Өскемен)
Илья Солодовников ("Астана")

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1493    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.04.2015, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31