Хоккей

Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияны жолдастық кездесуде жеңді

  • Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияны жолдастық кездесуде жеңді

    Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияны жолдастық кездесуде жеңді

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Италия құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен басым түсті, деп жазады "Алаш айнасы".

Бірер күннен кейін әлем чемпионатының І-дивизионындағы "А" тобында бақ сынайтын Қазақстан ұлттық құрамасы дәл қазір Италияда дайындықтарын пысықтап жатыр. Соңғы жаттығу жиыны аясында Италия құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесу өткізу жоспарланған.

Соның біріншісі кеше түнде Трентода өтіп, Қазақстан ұлттық құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды бірінші және екінші кезеңдерде Кевин Даллмэн мен Роман Старченко соқты.

Бұл ойында біздің құрама мына құрамда өнер көрсетті:

қақпашылар: Павел Полуэктов (№1) – Дмтрий Мальгин (№30)
І-бестік: Константин Руденко (№28) – Фёдор Полищук (№18) – Роман Старченко (№22); Максим Семёнов (№7) – Кевин Даллмэн (№4)
ІІ-бестік: Талғат Жайлауов (№8) – Андрей Спиридонов (№23) – Константин Пушкарёв (№21); Алексей Литвиненко (№5) – Роман Савченко (№2)
ІІІ-бестік: Евгений Рымарев (№13) – Константин Савенков (№11) – Вадим Краснослободцев (№26); Леонид Метальников (№27) – Артемий Лакиза (№9)
ІV-бестік: Михаил Паньшин (№17) – Максим Худяков (№15) – Алексей Воронцов (№14); Александр Липин (№16) – Вячеслав Трясунов (№3).

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1435    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.04.2015, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31