Хоккей

Хоккейден Қазақстан құрамасын өз бапкерлеріміз баптай алмай ма?

  • Фото Шайба.kz сайтынан

    Фото Шайба.kz сайтынан

  • Фото Шайба.kz сайтынан

    Фото Шайба.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты дайындығын сәуірдің басында бастайды, деп жазады "Алаш айнасы".

Биыл Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының І-дивизионындағы "А" тобында бақ сынайды. Мұны деңгей жағынан әлем чемпионатының "екінші тобы" деп түсінген жөн. Былтыр біздің құрама жоғарғы дивизиондағы орнынан айырылып қалған. Биылғы мақсат – қайтадан жоғарғы топқа оралу, яғни екі жолдаманың біріне қол жеткізу.

Ал биылғы І-дивизионынның "А" тобындаңы додасы 19-25 сәуір аралығында Польшаның Краков қаласында өтеді. Бұл топта жоғарғы дивизионның екі жолдамасын біздің хоккейшілермен бірге Италия, Жапония, Украина, Венгрия және Польша құрамалары сарапқа салады.

Осыған орай, Қазақстан ұлттық құрамасы 5-10 сәуір аралығында Астананың іргесіндегі спорттық базаға жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін Еуропаға барып, дайындықтарын батыста пысықтайды. Шетелдегі дайындық жұмыстары барысында, яғни 13 және 14 сәуір күндері Италия құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізу жоспарланып отырған көрінеді.

Соңғы деректерге сенсек, Қазақстан ұлттық құрамасын биылғы әлем чемпионатына Ресей маманы Андрей Назаров бастап баратын сияқты. "Барыс" еліміздің ұлттық құрамасының негізін қалайтын клуб блғандықтан, осы клубтың бас бапкері Қазақстан ұлттық құрамасына да жетекшілік етеді. Бұл осылай қалыптасып кеткен.

Мұны жақсы түсінеміз. Десек те, "бірінші дивизиондағы додаға ұлттық құрамамызды өз бапкерлеріміз де әзірлей алар еді ғой..." деп ойлаймыз. Жоғарғы дивизион емес. Сондықтан "Ерлан Сағымбаев пен Андрей Шаянов сынды өз бапкерлерімізге де мүмкіндік берілсе, шіркін..." деген ой-пікіріміздің, арман-қиялымыздың, ұсыныс-тілегіміздің бар екендігін жасыра алмамыз.

Бірақ бізді тыңдайтын кім бар?..

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1371    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2015, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31