Хоккей

Хоккейден Қазақстан қыздары Хорватия құрамасын қирата жеңді

  • Хоккейден Қазақстан қыздары Хорватия құрамасын қирата жеңді

    Хоккейден Қазақстан қыздары Хорватия құрамасын қирата жеңді

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыласынан тағы да өктем түсті. Бұл жолы Хорватия қыздарын қирата жеңді. Есеп – 12:1, деп хабарлайды "Алаш айнасы".


Бұған дейін жазғанымыздай, биыл хоккейші қыздарымыз әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ІІ-дивизионындағы "А" тобында бақ сынап жатыр.


Дамфрис мұзайдынындағы төртінші кездесуін Хорватия құрамасымен өткізген қыздарымыз құйындай орап соқты. Алғашқы екі кезеңде бес голдан соғып, 10:0 есебімен алға шықты. Үшінші кезеңде қарқындарын бәсеңсітіп, Хорватия сұлуларынаң да ойнауларына мүмкіндік берді.


Бұл матчта голдарды Зарина Тухтиева (үшеу), Ксения Бушуева (үшеу), Пернеш Әшімова (екеу), Меруерт Рысбек, Мадина Тұрсынова, Ғалия Нұрғалиева, Ажар Хамимулдинова сынды бұрымды хоккейшілеріміз соқты. Төрт гол артық құрамда, ал бір гол тіпті кем құрамда соғылды.


Үшінші кезеңнің ортасында біздің қыздардың екеуі бірінен соң бірі айдыннан қуылып, тіпті төрт секунд үш хоккейшімен қалғанда ғана Хорватия құрамасы қыспаққа алып, бір гол соға алды.


Бұл ойында біздің қақпаны әуелі Айжан Раушанова қорғады. Ол екі кезеңде 11 соққыны тойтарды. Үшінші кезеңде бапкерлер құрамы қақпашыларымызды ауыстырып, Айжанның орнына Татьяна Можаеваны шығарған. Татьяна үшінші кезеңде біздің қақпаға бағытталған алты соққының бесеуіне тосқауыл бола білді.


Ал Қазақстан құрамасының қыздары Хорватия қақпасын 50 рет нысанаға алып, 12 гол соқты. Хорватия бапкерлері де екінші кезеңнің ортасында (қақпаларына сегізінші соғылған соң) голкиперлерін алмастырды.


Төрт күнгі ойындарда Қазақстан және Ұлыбритания қыздары қарсыластарын оңды-солды ұтып, өзгелерден қара үзді. Бүгін осы екі құрама мүзайдынға шығып, ІІ-дивизионындағы "А" тобының жеңімпазын анықтайды. Ең бастысы, бүгінгі матчта жеңіске жеткен құрама келесі жылы І-дивизионындағы "В" тобында бақ сынау құқығына ие болады.


Әлем чемпионаты. ІІ-дивизион, "А" тобы. Дамфрис (Ұлыбритания)


І-тур

Қазақстан – Оңтүстік Корея – 2:0

Польша – Хорватия – 10:3

Ұлыбритания – Жаңа Зеландия – 8:1

ІІ-тур

Қазақстан – Польша – 4:1

Ұлыбритания – Оңтүстік Корея – 3:1

Хорватия – Жаңа Зеландия – 4:2

ІІІ-тур

Қазақстан – Жаңа Зеландия – 10:0

Оңтүстік Корея – Польша – 4:3 от

Ұлыбритания – Хорватия – 8:1

ІV-тур

Қазақстан – Хорватия – 12:1

Ұлыбритания – Польша – 4:0

Оңтүстік Корея – Жаңа Зеландия – 3:0


Төрт турдан кейінгі жағдай:


1. Қазақстан – 12 ұпай (шайба айырмасы: 28-2)

2. Ұлыбритания – 12 (23-3)

3. Оңтүстік Корея – 5

4. Польша – 4

5. Хорватия – 3

6. Жаңа Зеландия – 0


 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1723    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.04.2015, 13:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30