Хоккей

Хоккейден Қазақстан қыздары Ұлыбританиядағы әлем чемпионатында топ жарды

  • Суретте – ұлттық құраманың ең тәжірибелі ойыншысы Ольга Конышева

    Суретте – ұлттық құраманың ең тәжірибелі ойыншысы Ольга Конышева

Шайбалы хоккейден Ұлыбританияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жеңімпаз атанып, бір саты (топ) жоғарылады, деп сүйінші сұрайды "Алаш айнасы".

Бірден айтайық, биыл біздің қыздарымыз әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ІІ-дивизионындағы "А" тобында бақ сынаған болатын. Деңгейі жағынан әлем чемпионатының төртінші тобындағы додада Қазақстан қыздары қарсылас шақ келтірмеді.

Дамфрис мұзайдынында бес ойын өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті. Сөйтіп, келесі жылы І-дивизионындағы "В" тобында бақ сынау құқығын жеңіп алды. Ал бұл – деңгейі жағынан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші тобы.

Дамфрис мұзайдынындағы соңғы матч финалдық ойын іспетті болды. Себебі Қазақстан қыздары сияқты айдын иелері де, яғни Ұлыбритания қыздары да бұған дейінгі төрт ойында жеңіске жеткен болатын. Яғни осы ойында жеңіске жеткен құрама ғана жалқы жолдаманы иеленуі керек болатын.

Сондықтан соңғы матч тартысты әрі ауыр болды. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңнің басында Мадина Тұрсынова гол соғып, Қазақстан құрамасы алға шықты.

Үшінші кезеңнің басында 29 мамыр күні 43-ке толатын ардагер хоккейшіміз Ольга Конышева есепті еселеп, айдын иелерін сеңдей соғыстырды. Ұлыбритания құрамасының бапкерлері соңғы минуттарда қақпашыларын алтыншы ойыншыға алмастарып, шабуылдарын үдетсе де, Айжан Раушанова қорғаған қақпаға гол соға алмай, пұшайман болды. Жеңіс! Есеп – 2:0.

Бұл ойында Айжан айдын иелерінің 24 соққысына тосқауыл бола білді. Ал біздің қыздар олардан екі соққы артық бағыттып (26 соққы), жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты. ІІ-дивизион, "А" тобы. Дамфрис (Ұлыбритания)

І-тур.
Қазақстан – Оңтүстік Корея – 2:0
Польша – Хорватия – 10:3
Ұлыбритания – Жаңа Зеландия – 8:1
ІІ-тур.
Қазақстан – Польша – 4:1
Ұлыбритания – Оңтүстік Корея – 3:1
Хорватия – Жаңа Зеландия – 4:2
ІІІ-тур.
Қазақстан – Жаңа Зеландия – 10:0
Оңтүстік Корея – Польша – 4:3 /буллит/
Ұлыбритания – Хорватия – 8:1
ІV-тур.
Қазақстан – Хорватия – 12:1
Ұлыбритания – Польша – 4:0
Оңтүстік Корея – Жаңа Зеландия – 3:0
V-тур.
Қазақстан – Ұлыбритания – 2:0
Оңтүстік Корея – Хорватия – 13:0
Польша – Жаңа Зеландия – 3:2 /буллит/

Қорытынды кесте:

Ескерту: Ор – орны, О – өткізген ойындары, Ж – жеңістері, БЖ – буллиттегі жеңістері, БҰ – буллиттегі ұтылыстары, Ұ – ұтылыстары, Ш/А – шайба айырмасы, Ұп – ұпайы.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 2215    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2015, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31