Хоккей

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының қыздары әлем чемпионатында бақ сынайды

  • Фото iihf.com сайтынан

    Фото iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Ұлыбритания мұзайдынында өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды, деп жазады "Алаш айнасы".

Биыл әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ІІ-дивизионындағы "А" тобында додаға түседі. Мұны деңгейі жағынан әлем чемпионатының төртінші тобы деп түсінген дұрыс.

Иә, 2002 жылы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан хоккейші қыздарымыз 2011 жылдан бері төмен сырғып келеді. 2011 жылы әлем чемпионатының жоғарғы дивизиондағы орнынан айырылып қалып, І-дивизионынның "А" тобына жөнелтілген.

Өкінішке қарай, 2012 жылы І-дивизионынның "А" тобында да соңғы орынды саялап, І-дивизионынның "В" тобына түсіп қалды.

2013 жылы І-дивизионынның "В" тобында 5-орынғы табан тіреп, осы топта қалды. Алайда 2014 жылы бұл топта да соңғы орыннан бір-ақ шығып, ІІ-дивизионынның "А" тобына түсіп қалды.

Биыл осы топта бақ сынайды. Бұдан деңгейі төмен бір ғана топ (ІІ-дивизионынның "В" тобы) және електік саты ғана бар. Електік сатыдағы додада төрт құрама ғана бақ сынайды.

Яғни шегінерге жол жоқ, енді. Бұдан төмен құлдырасақ, Австралия және Мексика қыздарымен, ал одан әрі Оңтүстік Африка аруларымен ойнауға тура келеді...

Сондықтан, биылдан бастап қыздарымызға қайтадан жоғары өрлейді деп үміттенеміз. Биыл бұрымды хоккейшілеріміз Дамфрис (Ұлыбритания) мұзайдынындағы бүкіләлемдік біріншілікте бақ сынайды.

Мұнда, жоғарыда айтқанымыздай, ІІ-дивизионының "А" тобындағы командалар додаға түседі. Қазақстан қыздарының қарсыластары – Ұлыбритания, Корея, Польша, Жаңа Зеландия және Хорватия құрамалары.

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының ойындар кестесі. 2015 жыл. Әлем чемпионаты. ІІ-дивизионын, "А" тобы:

30 наурыз: Қазақстан – Корея
31 наурыз: Қазақстан – Польша
2 сәуір: Қазақстан – Жаңа Зеландия
4 сәуір: Қазақстан – Хорватия
5 сәуір: Қазақстан – Ұлыбритания

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы

қақпашылар:
№1. Айжан Раушанова (16.01.1988 туған, "Айсұлу", Алматы),
№20. Татьяна Можаева (28.08.1996,"Айсұлу");
қорғаушылар:
№2. Дәрия Молдабай (23.01.1993, "Айсұлу")
№21. Әсем Төлеубаева (18.12.1994, "Айсұлу")
№15. Ғалия Нұрғалиева (27.01.1992, "Айсұлу")
№6. Ажар Хамимулдинова (18.11.1993, "Томирис", Астана)
№16. Ольга Конышева (29.05.1972, "Айсұлу")
№23. Виктория Сазонова (30.08.1983, "Айсұлу")
№14. Екатерина Скобелкина (09.06.1986, "Айсұлу")
№18. Александра Феклистова (04.05.1998, "Айсұлу")
шабуылшылар:
№12. Меруерт Рысбек (05.02.1994, "Айсұлу")
№10. Арай Шегебаева (27.12.1991, "Айсұлу")
№7. Салтанат Үрпекбаева (23.01.1994, "Айсұлу")
№3. Мадина Тұрсынова (13.11.1996, "Айсұлу")
№4. Пернеш Әшімова (29.07.1996, "Айсұлу")
№11. Зарина Тухтиева (18.06.1987, "Айсұлу")
№8. Алёна Фукс (01.05.1987, "Айсұлу")
№19. Карина Фельзин (16.01.1996, "Айсұлу")
№24. Татьяна Королева (29.05.1986, "Айсұлу")
№9. Надежда Филимонова (11.02.1997, "Айсұлу")
№17. Ксения Бушуева (09.06.1998, "Айсұлу")
№5. Малика Алдабергенова (05.05.1998, Олимпиадалық резервті жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Алматы

Бас бапкер – Александр Мальцев,
Жаттықтырушылар – Сергей Соловьёв және Наталья Скобелкина.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1836    Пікірлер: 3

жұма, 27.03.2015, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31