Хоккей

Хоккейден ұлттық құрама сапы "сапырылып" болғандай

  • Фото sports.kz сайтынан

    Фото sports.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Польшаның Краков қаласында өтетін әлем чемпионатына Астанада дайындалып жатыр. Әзірше құрама сапы іріктелуде, деп жазады "Алаш айнасы".

Бірден естеріңізге сала кетейік, 19-25 сәуір аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы Польшаның Краков қаласында өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. Бұл – әлем чемпионатының І-дивизионындағы "А" тобы. Деңгейі жағынан екінші лига деп түсінген жөн.

Осыған орай, ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне іліккен 37 хоккейшінің Мичуринодағы базада жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқандарына бірнеше күн болды. Әу бастағы тізіммен салыстырғанда, айырмашылық – біршама.

Әрі "Барыс" клубы сапындағы бірнеше тәжірибелі хоккейшілеріміздің әлем чемпионатына бара алмайтындары анықталды. Олар – Брэндон Боченски, Андрей Гаврилин, Дмитрий Уппер, Евгений Блохин. Төртеуі де жарақаттарынан айығып үлгермейді екен.

Сонымен қатар, ҚХЛ-дағы Ресей клубтары сапында ойнайтын екі хоккейшіміз де ел намысын қорғай алмайтын болып отыр. Олар – қақпашы Виталий Колесник("Локомотив", Ярославль) және қорғаушы Алексей Васильченко ("Трактор", Челябинск).

Егер екеуі осы жолы келіп, Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнайтын болса, өз клубтарына қайта барған бетте ҚХЛ-да легионер болып тіркеледі екен. Яғни оларға одан кейін клуб (жұмыс) іздеуге тура келеді. "Барыс" құшағына "басса" жақсы, ал құрамына алмаса, жағдайлары қиын болады. "Қорықпай келе беріңдер, жұмыссыз қалсаңдар, Астана клубының сапына аламыз", – десе, екеуі де жетіп келетіндей...

Бұл тұрғыда, Вадим Краснослободцевтің ("Торпедо", Нижний Новгород) жолы болып тұрғандай. Қазір оны қайтадан "Барыс" клубының сапына қайтару мәселесі шешіліп жатқан көрінеді. Вадим кеше ұлттық құрама сапына келіп қосылды.

Николай Антроповтың әлем чемпионатына баратын, бармайтындығы әлі белгісіз көрінеді. Себебі ол Солтүстік Америкадағы үйіне кеткен. Оның бір ұлы жеті ай бойы жалғыз өзі сонда тұрған. Ал Николай отбасымен Астанада болды. Енді баласының жанында бола тұрғанды қалайды екен.

Әрі ол былтырғы әлем чемпионатының аяғында мұзайдыннан аластатылып, жазаға тартылған. Биылғы әлем чемпионатының алғашқы екі матчында да құрама сапында айдынға шығуға құқы жоқ. Қалған үш ойын үшін Польшаға бара ма, жоқ па, әлі белгісіз.

Қуанышты жаңалықтар да жоқ емес. Мысалы, Константин Руденконың биыл ел намысын қорғауы әбден мүмкін. Оған Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуге рұқсат берілетіндей. Бұл да бірер күнде нақты шешіліп қалуы керек.

Сондай-ақ кеңейтілген құрама сапына жұдырығы жуан Дамир Рысбаев та қосылыпты. 10 келі тастап, ширақ қимылдайтын болыпты.

Айтпақшы, бүгін ардагер қақпашымыз Виталий Еремеевтің мұзайдындағы карьерасын тәмамдайтындығы белгілі болды. Биыл күзде 40-қа толатын қақпашы соңғы жыдары жарақаттарының мезі қылғанын мойындапты.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы Краковқа кімдерді әкететіндіктерін әлден долбарлап-жобалап алғандай. Әйтсе де, ашып айтпай отыр. Себебі бір-екі шептегі ойыншыларды әлде де жан-жақты сынап көргілері келетіндей.

Жалпы, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Назаров "Сарыарқа" сапындағы кейбір ойыншыларға, әсіресе Евгений Рымаревке көңілінің толғандығын сездіріпті. Сондай-ақ "Ертіс" (Павлодар) клубының ойыншылары да (А.Липин, В.Трясунов, М.Худяков, А.Воронцов) бас бапкер көңілінен шыққандай.

Енді тек әліптің артын тосамыз. Жақын арада Польшаның Краков қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапы белгілі болады.

Ал олардың мақсаты біреу-ақ – жоғарғы дивизионға қайта оралу. Ол үшін І-дивизионынның "А" тобында бірінші немесе екінші орынға ие болу. Яғни Краков мұзайдынындағы бес ойынның кем дегенде төртеуінде жеңіске жету керек.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1469    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2015, 15:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31