Хоккей

Хоккейші қыздарымыз әлем чемпионатын жеңіспен бастады

  • Фото iihf.com сайтынан

    Фото iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады "Алаш айнасы".

Бұған дейін жазғанымыздай, шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасы биыл әлем чемпионатының ІІ-дивизионындағы "А" тобында бақ сынайды.

Құрамының тең жартысы қазақ қыздары болып табылатын ұлттық құрамамыз алғашқы матчты Оңтүстік Корея құрамасымен өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды Меруерт Рысбек пен Ольга Конышева соқты.

Бұл ойында біздің қақпаны Айжан Раушанова қорғап, ол Корея қыздарының 29 соққысын тойтарды. Ал Қазақстан құрамасының қыздары Корея қақпасын 38 рет нысанаға алып, соның екеуінде Шин Со Джангты қапы қалдырды.

Бүгін Александр Мальцев жаттықтыратын қыздарымыз Польша құрамасымен кездеседі.

Бірінші күнгі ойындар. Дамфрис (Ұлыбритания).
Әлем чемпионаты. ІІ-дивизион, "А" тобы

Қазақстан – Оңтүстік Корея – 2:0
Польша – Хорватия – 10:3
Ұлыбритания – Жаңа Зеландия – 8:1

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1617    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2015, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31