2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

Хоккейші қыздарымыз Польша құрамасынан да басым түсті

  • Меруерт Рысбек екі ойында екі гол соқты. Фото: iihf.com

    Меруерт Рысбек екі ойында екі гол соқты. Фото: iihf.com

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы 4:1 есебімен Польша құрамасынан басым түсті, деп жазады "Алаш айнасы".

Бірден айтайық, бұл – шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ІІ-дивизионындағы "А" тобының додасы. Қазақстан қыздары екінші кездесуін Польша құрамасымен өткізді.

Польша құрамасы осы әлем чемпионатының бірінші күні Хорватия қыздарымен кездесіп, 10:3 есебімен үстемдік танытқан болатын. Бірақ құрамының тең жартысы қазақ қыздары болып табылатын ұлттық құрамамыз Польша сұлуларын да аса қиналмай ұтты.

Голдарды Меруерт Рысбек, Карина Фельзинк, Зарина Тухтиева және Татьяна Королёва соқты. Бұл кездесуде біздің қақпаны Айжан Раушанова қорғады. Ол бұл кездесуде поляк қыздарының 29 соққысын тойтарды.

Ал Қазақстан құрамасының қыздары Агата Косынска қорғаған Польша құрамасының қақпасына 32 соққы бағыттап, төрт гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Мальцев жаттықтыратын хоккейші аруларымыз алғашқы матчты Оңтүстік Корея құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын.

Бүгін – Дамфристе (Ұлыбританияда) өтіп жатқан әлем чемпионатында, яғни ІІ-дивизионның "А" тобында демалыс. Ертең хоккейші қыздарымыз Жаңа Зеландия бұрымдыларының әуселелерін байқап көреді. Екі күнгі ойындардан соң алты ұпаймен Қазақстан және Ұлыбритания қыздары көш бастап келеді.

Әлем чемпионаты. ІІ-дивизион, "А" тобы. Дамфрис (Ұлыбритания)

Бірінші күнгі ойындар:
Қазақстан – Оңтүстік Корея – 2:0
Польша – Хорватия – 10:3
Ұлыбритания – Жаңа Зеландия – 8:1
Екінші күнгі ойындар:
Қазақстан – Польша – 4:1
Ұлыбритания – Оңтүстік Корея – 3:1
Хорватия – Жаңа Зеландия – 4:2

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1579    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2015, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31