Хоккей

"Жаңа қазақ" Кевин Даллмэн тарихи жетістікке қол жеткізді

  • Фото hcbarys.kz сайтынан

    Фото hcbarys.kz сайтынан

  • Фото hcbarys.kz сайтынан

    Фото hcbarys.kz сайтынан

Кеше "Барыс" хоккей клубы Астанада Новосибирскінің "Сибирь" клубын 1:0 есебімен жеңіп, осы матчта Кевин Даллмэн тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады "Алаш айнасы".

"Барыстың" қорғаныстағы бесаспап ойыншыларының бірі, Қазақстан азаматтығын алған канадалық Кевин Даллмэн Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) қорғаушылары арасында бірінші болып, 300 ұпай жинады. Ол ҚХЛ-да өткізген 380 ойынында 113 гол соғып, 187 нәтижелі пас берген.

Даллмэнге биыл ешкім де жете алмайтын шығар. Өйткені оның ізіне түскен Илья Никулиннің ("Ак-Барс") еншісінде 260 ұпай (70 гол +190 пас) екен.

Кевин Даллмэн ҚХЛ-да осы лига құрылғаннан бері, яғни 2008/2009 жылдар маусымынан бері ойнап келеді. Екі маусым (2012/2013 және 2013/2014 жж) Санкт-Петербургтің СКА клубының сапында ойнап келді. Басқа жылдары тек "Барыс" сапында өнер көрсетті.

Кевиннен 300-інші ұпайды осының алдындағы, яғни өткен жұма күні (20 ақпанда) "Металлург" (Новокузнецк) клубымен өткен ойында күткенбіз. Бірақ аталған матчта Кевиннің "қанжығасы қанданбады", қоржыны "майланбады". Бірнеше рет Новокузнецк клубының қақпасын нысанаға алды-ақ. Бір-ақ сәті түспеді.

Есесіне, кеше Новосибирск клубымен өткен шектен тыс шиеленісті матчта жалғыз голды соғып, өз клубына жеңіс әперді. Әдеттегідей, алыстан шірене тартып, ҚХЛ-дағы ең үздік қақпашылардың бірі, Чехияның тасқамал голкипері Александр Салакты қапы қалдырды.

Деңгейі жоғары халықаралық лигада осындай тарихи жетістікке бірінші болып Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэннің қол жеткізуі – үлкен жетістік. Сондықтан ҚХЛ-да бірінші болып 300 ұпай еншілеген Кевинді ерен жетістігімен құттықтап, ұлттық құрамамызбен бірге спорттық табыстарға жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1505    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.02.2015, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31