Хоккей

Жас хоккейшілеріміз әлем чемпионатын сылбыр бастады

  • Фото icehockey.hu сайтынан

    Фото icehockey.hu сайтынан

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Венгрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бір ұтылып, бір ұтты, деп жазады "Алаш айнасы".

18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірмдер құрамасы биыл әлем чемпионатының І-дивизионындағы "А" тобында сынға түсіп жатыр. Ауызекі тілмен айтқанда, мұны деңгейі жағынан екінші лига деуге де болады.

Дебрецен (Венгрия) мұзайдынындағы 2015 жылғы дүниежүзілік дода Қазақстан U-18 құрамасы үшін өте сәтсіз басталды. Александр Линёв жаттықтыратын бозбалаларымыз алғашқы турда Франция жеткіншектерімен кездесіп, 1:7 есебімен оңбай ұтылып қалды.

Кеше түнде айдын иелерімен кездескен. Венгрия жеткіншектерімен өткен матчты да Қазақстан U-18 құрамасы тым сылбыр бастады. Алғашқы екі кезеңнен соң бір шайба айырмасымен ұтылып жатқан.

Тек үшінші кезеңнің басында қарқындарын үдетіп, екі жарым минуттан астам уақыт ішінде үш гол соғып, айдын иелерін сең соққандай күйге түсірді. Одан кейінгі уақытта жеңісті уыстарынан шығарып алмауға тырысты.

Сөйтіп, жеңіске деген жігерліктерінің арқасында, ұтылып жатып, жеңіске жетті. Бұл жеңістің маңызы зор болуы да мүмкін. Өйткені бірінші ойынан кейін "бозбалаларымыз енді осы топтағы орындарын сақтап қалса етті" деп алаңдағанбыз...

Бүгін Қазақстан U-18 құрамасы Норвегиядан келген құрдастарымен кездеседі. Бұл ойында да жеңіске жету өте маңызды. Себебі Норвегия U-18 құрамасы екі ойыннан екі ұпай еншілеп, әлем біріншілігі кестесінде біздің бозбалалардан төмен тұр. Яғни олардың алдымызды орап кетулеріне мүмкіндік бермеу керек.

Ал Дания және Беларусь жеткіншектері Франция құрамасымен бірге жоғары дивизион жолдамасына таласатын азулы ұжымдар екендігін көрсетті.

І-тур
Қазақстан U-18 – Франция U-18 – 1:7
Беларусь U-18 – Норвегия U-18 – 3:2 от
Дания U-18 – Венгрия U-18 – 9:1
ІІ-тур
Қазақстан U-18 – Венгрия U-18 – 6:5
Франция U-18 – Норвегия U-18 – 3:2 от
Дания U-18 – Беларусь U-18 – 4:3 от

 

Автор: Айқын Жаппар




Көрілген: 1349    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.04.2015, 14:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31