Хоккей

Қазақ хоккейінің күрзі жұдырығы 20-ға толды

  • Фото hcbarys.kz сайтынан

    Фото hcbarys.kz сайтынан

Осыдан төрт күн бұрын хоккейші Дамир Рысбаев 20-ға толды. Әлеуметтік желілерде қазақтан шыққан тұңғыш тафгайды құттықтаушылар өте көп болды, деп жазады "Алаш айнасы".

25 сәуір күні "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дамир Рысбаев 20-ға толды. "Барыс" хоккей клубының әлеуметтік желілердегі парақшаларында Дамирді туған күнімен құттықтап, оған игі тілек білдірушілер өте көп болды. Фейсбук және ВК желілерінде бірнеше жүздеген спорт жанкүйерлері Дамирді құттықтап, пікір жазды.

Кейбіреулер ҚХЛ-да барлық тафгайларды жеңуіне тілестес екендігін білдірсе, енді біреулер "төбелесті азайтып, хоккейді жақсы ойнауын" қалайтындықтарын білдірді. Ал баз біреулер "айналайын байқашы, төбелесі құрысын, жарақат алып қалмашы" деп жанашырлық танытып жатты.

Пікір жазушылардың дені жүрегінің түгі бар Дамирдің батылдығына риза болатындықтарын сездірді. Қазақтың күрзі жұдырықты осы бір жігітін мақтан тұтатындар да аз емес сияқты. Жас хоккейшімізді спорт жанкүйерлерінің құрметтейтіндіктері, сүйетіндіктері сезіліп тұрды.

"Ештен де кеш жақсы" дегендей, көпшілік сүйіспеншілігіне ие болған жұдырығы жуан хоккейшімізді біз де құттықтаймыз. Болашағы жарқын болып, ұлтық құрама сапында ел намысын абыроймен қорғап, "Барыстың" беделді ойыншысына айналып, жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1899    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2015, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31