Хоккей

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады

  • Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

    Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

Бүгін Польшада шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталды. Бұл – бірінші дивизиондағы "А" тобының додасы. Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы матчта жеңіске жетті, деп жазады "Алаш айнасы".

Қазақстан хокккейшілері Краков мұзайдынындағы әлем чемпионатын бүгін кешке Украина құрамасымен бастады. Бірден айтайық, бұл ойында біздің құрама көп тер төкпей жеңіске жетті. Деңгейлері жоғары екендігі сезіліп тұрды. Есеп – 5:2.

Біздің құрама сапынан голдарды Кевин Даллмэн, Леонид Метальников, Вадим Краснослободцев, Константин Руденко және Евгений Рымарев соқты. Қақпаны Павел Полуэктов қорғады.

Украинадағы дәл қазіргі саяси жағдайды ескерсек, хоккейшілерінің әлем чемпионатына келгендерінің өзі үлкен жетістік болар. Ұлттық құрамаларын жасақтап, әкелудің өзі оңай болмаған шығар.

Польшадағы әлем чемпионатының ресми сайтындағы мәліметтерге сенсек, Украина құрамасы толық емес. Екі қорғаушы жетіспейді. Әйтсе де, олар намысты қолдан бермеуге тырысып, тайталасып бақты. Тіпті екі гол соқты да...

Біздің ұлттық құрама үшін маңызды ойындар – әлі алда. Бүгінгі матч оларға бой қыздыру ойыны іспетті болды, деп есептейміз. Бүгінгі ойыннан олар қорытынды шығара жатар, деп те ойлаймыз. Өйткені бүгінгі матч барысында қателіктер болған жоқ емес. Бірінші бестік көсіле сілтеген жоқ, әлі...

Әлем чемпионаты. І-дивизион, "А" тобы

Бірінші күн:
Венгрия – Жапония – 4:2
Қазақстан – Украина – 5:2
Польша – Италия – 1:2

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1328    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.04.2015, 00:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31