Хоккей

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатының жоғарғы дивизионы жолдамасын жеңіп алды

  • Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

    Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші рет жеңіске жетіп, жоғарғы дивизион жолдамасын бір тур бұрын жеңіп алды, деп жазады "Алаш айнасы".

Кеше түн отасы ауа мұзайдын иелері Польша құрамасымен кездескен хоккейшілеріміз 3:2 есебімен жеңіске жетіп, бәсекелестерінің бәрінен қара үзді. Енді, соңғы турда ұлттық құрамамыздың алдын ешбір елдің хоккейшілері орап кете алмайды.

Польша хоккейшілерімен өткен ойын өте тартысты өтті. Риза болғанымыз, бұл ойында төрешілер әділетті болды. Дөрекі ойнауға тырысқан Польша құрамасының хоккейшілерін айдыннан қуып, сабаларына түсірді.

Есепті қорғаушы Роман Савченко ашып, одан кейін оның аттасы Роман Старченко екі мәрте біздің құраманы алға шығарды.

Бұл матчта да біздің қақпаны Павел Полуэктов қорғады. Ол бірнеше рет айдын иелерінің қауіпті соққыларын тойтарды. Жалпы, бұл ойында ол Польша құрамасы хоккейшілерінің 21 соққысына тосқауыл бола білді.

Ертең біздің хоккейшілеріміз Италия құрамасымен кездеседі. Бұл ойын қалай аяқталса да, Қазақстан құрамасы бірінші орынмен жоғарғы дивизионға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылдан бері біздің құрама І-дивизион мен жоғарғы дивизион арасында толқындай тербеліп жүр. Тақ жылдары І-дивизионда, ал жұп жылдары жоғарғы дивизионда ойнап, кіл үздіктер арасында тұрақтап қала алмай келеді. Бәлкім, келесі жылы жоғарғы дивизионда қалармыз...

Әлем чемпионаты. І-дивизион, "А" тобы. Төртінші тур:

Қазақстан – Польша – 3:2
Жапония – Италия – 3:2
Венгрия – Украина – 4:2

Ал соңғы тур алдындағы жағдай төмендегідей:
1. Қазақстан – 12 ұпай
2. Венгрия – 9
3. Польша – 6
4. Италия – 5
5. Жапония – 3
6. Украина – 1

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1635    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2015, 09:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31