Хоккей

Қазақстан және Венгрия хоккейшілері жоғарғы топқа шықты

  • Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

    Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

Польшада шайбалы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы қызу дода аяқталды. Келесі жылы жоғарғы дивизионда бақ сынау құқығын, яғни екі жолдаманы Қазақстан және Венгрия құрамалары жеңіп алды, деп жазады "Алаш айнасы".

2015 жылғы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "А" тобында Қазақстан ұлттық құрамасына тең келер команда болмады. Қазақстан хоккейшілері бес ойында да жеңіске жетіп, бірінші орынға ие болды.

Ал екінші жолдаманың иегері тек соңғы матчта анықталды. Бір қызығы, бұл жолдаманы Қазақстан хоккейшілері сияқты былтыр жоғарғы дивизиондағы орнынан айырылып қалған Италия құрамасы емес, айдын иелері Польша құрамасы да емес, Венгрия хоккейшілері жеңіп алды.

Венгрия құрамасы тек біздің хоккейшілерден ұтылды. Соңғы шешуші матчта айдын иелері Польша құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Ал Украина құрамасы соңғы орынға табан тіреп, бірінші дивизионынның "А" тобындағы орындарынан айырылып қалды. Келесі жылы олар әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "В" тобында ойнайтын болады. Олардың орындарына төменгі топтан Корея құрамасы келеді.

Әлем чемпионаты. І-дивизион, "А" тобы
Ойындар нәтижесі:

І-тур

Қазақстан – Украина – 5:2
Венгрия – Жапония – 4:2
Италия – Польша – 2:1
ІІ-тур
Қазақстан – Венгрия – 5:0
Италия – Украина – 2:1 от
Польша – Жапония – 2:0
ІІІ-тур
Қазақстан – Жапония – 7:2
Венгрия – Италия – 4:1
Польша – Украина – 3:2
ІV-тур
Қазақстан – Польша – 3:2
Венгрия – Украина – 4:2
Жапония – Италия – 3:2
V-тур
Қазақстан – Италия – 3:0
Венгрия – Польша – 2:1
Жапония – Украина – 3:1

Қорытынды кесте

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1260    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2015, 00:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31