2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

Қазақстан құрамасы "Күншығыс елі" хоккейшілерін күйрете жеңді

  • Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

    Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы Жапонияның жанкешті жігіттерін 7:2 есебімен тізе бүктірді, деп жазады "Алаш айнасы".

Әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "А" тобында (деңгейі жағынан екінші лига) Қазақстан хоккейшілері қарсылас шақ келтірер емес. Бүгін Жапония құрамасын ірі есеппен жеңді.

Жапон жігіттері – қолды-аяққа тұрмайтын жылпың. Шаршап-шалдығу дегенді білмейді. Мұзайдында зыр қағып, алға ентелей береді. Бірақ біздің хоккейшілер олардың аптықтарын тез басты.

"Күншығыс елі" хоккейшілері асып-сасып, қателескен кезде, мұндай сәттерді мүлт жібермей, гол соғып отырды. Жапония құрамасынан деңгейлері анағұрлым жоғары екендігін іс жүзінде көрсете білді.

Бұл ойында голдарды Роман Старченко (екеу), Фёдор Полищук (екеу), Кевин Даллмэн, Константин Руденко, Евгений Рымарев соқты.

Енді Қазақстан ұлттық құрамасы басты бәсекелестерімен кездеседі. Ертең Польша құрамасымен, ал сенбі күні Италия хоккейшілерімен додаға түседі.

Осы екі ойынның біреуінде жеңіске жетсе де, мақсаттарына жетіп, жоғары дивизион жолдамасын жеңіп алулары керек. Бірақ хоккейшілеріміздің екі ойында да жеңіске жетуді көздейтіндерін білеміз. Әрі олардан тек жеңіс күтеміз.

Әлем чемпионаты. І-дивизион, "А" тобы
Үшінші тур:

Қазақстан – Жапония – 7:2
Италия – Венгрия – 1:4
Польша – Украина – 3:2

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1506    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2015, 21:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31