Хоккей

Қазақстан құрамасы Венгрия хоккейшілерін ойсырата жеңді

  • Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

    Фото wmia2015.iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы екінші кездесуін өткізіп, Венгрия құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді, деп жазады "Алаш айнасы".

Бүгін әлем чемпионатының бірінші дивизионынныңдағы "А" тобында (деңгейі жағынан екінші лига деп түсініңіз) екінші турдың ойындары өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы Венгрия хоккейшілерін "қалпақпен ұрып" алмаса да, оңай "шақты".

Бұл ойында біздің хоккейшілер бар жағынан басым түсті: гол соғудан да (5:0), соққы бағыттаудан да (22:12), ойын ережесін бұзбаудан да (4:16), тағысын тағы...

Біздің ойыншыларымыздың жылдамдықтары да жоғары, ойын өрнектері де үйлесімді болды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, деңгейлері біршама жоғары болып шықты.

Бүгінгі ойындағы голдарды Константин Руденко, Алексей Воронцов, Кевин Даллмэн, Вадим Краснослободцев, Константин Пушкарёв соқты.

Соңғы үшеуіне пас берген – Талғат Жайлауов. Сегізінші нөмірлі сыралғы саңлағымыз әзірше қолмен қойғандай етіп бере қоятын тамаша пастарымен көзге түсіп, әріптестерінің гол соғуына үлес қосып, жағдай жасап жүр.

Бүгінгі матчта да бізді қақпаны Павел Полуэктов қорғады. Жұмысы көп болған жоқ. Венгрия хоккейшілері оның қақпасын 60 минутта 12 рет қана нысанаға алды. Әйтсе де, кейбір соққылары қауіпті болды. Полуэктов оның бәрін тойтарды.

Әлем чемпионаты. І-дивизион, "А" тобы
Екінші күн:

Қазақстан – Венгрия – 5:0
Италия – Украина – 2:1 ОТ
Польша – Жапония – 2:0

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1501    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.04.2015, 20:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29