2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Сибирь" шабуылшысын соққыға жықты (видео)

  • www.khl.ru

    www.khl.ru

Құрлықтық хоккей лигасындағы "Трактор" (Челябинск) клубының сапында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Алексей Васильченко кеше "Сибирь" клубының жас шабуылшысын төмпештеп, ұрып тастады, деп жазады "Алаш айнасы".
Плей-офф додасының алғашқы сатысындағы сегіз жұптың бірінде "Сибирь" мен "Трактор" "шайқасуда". Әзірше бұл жұпта да жалпы есеп – 1:1. Яғни Новосибирскіде өткен екі матчтың біріншісінде "Трактор" 4:1 есебімен жеңіп, екіншісінде "Сибирь" 5:2 есебімен есе қайтарды.
Осы екі клуб арасындағы кешегі матчта төбелес болып, екі команданың хоккейшілері жұдырықтасып алды. Осы төбелес кезінде қазір "Трактор" (Челябинск) клубының сапында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Алексей Васильченко "Сибирдің" жас шабуылшысы Владимир Бутузовты мұз үстіне жығып алып, ұрып тастады.
Владимир Бутузов мамыр айының аяғында 21-ге толады. Бойы – 188 см, салмағы – 80 келі. Ал Алексей Васильченко сәуірдің аяғында 34-ке толады. Бойы – 185 см, салмағы – 89 келі.

Бұл видеоны төмендегі видеодан көре аласыздар. Алексей Васильченко – ақ түсті жейдедегі, 29-шы нөмірлі ойыншы.

Автор: Әлихан Жаппар




Көрілген: 1786    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2015, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31