2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

Қазақстанның хоккейші қыздары Жаңа Зеландия құрамасын жүндей түтті

  • Қазақстанның хоккейші қыздары Жаңа Зеландия құрамасын жүндей түтті

    Қазақстанның хоккейші қыздары Жаңа Зеландия құрамасын жүндей түтті

Шайбалы хоккейден Ұлыбританияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы Жаңа Зеландия қыздарын жүндей түтті. Есеп – 10:0, деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ІІ-дивизионындағы "А" тобында бақ сынап жатқан Қазақстан қыздары үшінші кездесуінде де жеңіске жетті.

Бұл жолы Мұхит жағалауы қыздарына шайбалы хоккейді қалай ойнау керек екендігін үйретіп, екі аяқтарын бір етікке тықты.

Голдарды Меруерт Рысбек (екеу), Мадина Тұрсынова (екеу), Алёна Фукс (екеу), Дәрия Молдабай, Зарина Тухтиева, Карина Фельзинк, Надежда Филимонова сынды аруларымыз соқты. Төрт гол артық құрамда енгізілді.

Бапкерлер құрамы бұл жолы қақпаға Татьяна Можаеваны қойып, айжан Раушанованы тынықтырып алуды жөн көріпті. Можаева Жаңа Зеландия қыздарының 60 минутта бағыттаған 15 соққысына тосқауыл бола білді.

Ал біздің қыздар Мұхит жағалауынан келген құраманың қақпасына соққыны қарша боратып, 59 рет нысанаға алды.

Бүгінгі қалған екі ойынның біреуі әлі аяқталған жоқ. Ал екіншісі әлі басталған да жоқ. Әзірше Қазақстан қыздары тоғыз ұпаймен көш басында тұр.

Бұған дейін Александр Мальцев жаттықтыратын бұрымды хоккейшілеріміз Оңтүстік Корея құрамасын 2:0 есебімен, ал Польша аруларын 4:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Құрамының тең жартысы қазақ қыздарынан жасақталған ұлттық құрамамыз енді, нақтырақ айтқанда, сенбі күні Хорватия қыздарымен кездеседі.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1728    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2015, 22:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31