Хоккей

Өскемендік "Торпедо" клубына шет елден легионерлер шақыртылатын болды

  • vprognoze.ru

    vprognoze.ru

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасы бойынша өскемендік «Торпедо» хоккей клубы алдағы жаңа маусымда сәтті өнер көрсетуі үшін қолдан келген жағдайдың бәрі жасалуда. Клубты барлық жағынан күшейту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр қазір.

Ең алдымен сыртта ойнап жүрген өзіміздің хоккейшілерді кері қайтару ісі жолға қойылған. «Торпедо» командасының менеджері Иван Тратонин «fanstorpedo.com» сайтына берген сұхбатында трансферлік нарықта болып жатқан ауыс-түйістер туралы айтыпты. Оның сөзіне қарағанда, Өскемен хоккей мектебінен түлеп ұшқан, бірақ қазір басқа қалалардың намысын қорғап жүрген мына спортшылармен келісім жасалған: қарағандылық «Сарыарқа» клубынан К.Савенков пен Е.Фадеев, красноярскілік «Кубань» сапынан Е. Гасников, нижнетагильскілік «Спутниктен» Р.Козлов. Сондай-ақ, Ресейден бірнеше легионерлер келмекші. Олар: ижевскілік «Ижсталь» командасынан үздік сұрмерген А.Иванов, пермьдік «Молота-Прикамье» капитаны, Братина кубогінің иегері С.Карпов, нижнетагильскілік «Спутниктің» шабуылшысы В. Жиляков, «Кубань» қорғаушысы Е.Кутугин. Сол сияқты қарағандылық «Сарыарқадан» тәжірибелі хоккейші Е.Белухин де өскемендік ұжымның қатарына қосылуға дайын екенін білдірді. Ол аз десеңіз еуропалық лиганың өкілдерін де шақырту жоспарда бар көрінеді. Қысқасы, жаңа маусымда «Торпедо» құрамын күшейтетін, команданы алға сүйрейтін хоккейшілер жеткілікті болмақ.
Облыс басшылығы жүктеген тағы бір міндет «Торпедоның» жеке базасын құру болатын. Салаға жауапты мамандар қаланың ішінен базаға лайықты орынды тапты. Ол Мыза көшесінің бойында орналасқан осыған дейін спорттағы дарынды балаларға арналған мектептің оқу корпусы болған екі қабатты ғимарат. Енді бұл нысан өскемендік хоккей клубының базасына айналмақ. Нәтижесінде «Торпедо» хоккейшілері ойын өткізер алдында бұдан былай қаладағы пәтерлерінде емес, осы базада тұратын болады. Ондағы бір артықшылық спортшылар ештеңеге алаңдамай алдағы матчқа тиянақты дайындалып, мамандардың, әріптестерінің ортасында болуына мүмкіндік туады.

Автор: Серік Әбілхан, Өскемен




Көрілген: 1602    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2015, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31