Хоккей

Ресей қазақ хоккейін қақпайлап отыр

  • Ресей қазақ хоккейін қақпайлап отыр

    Ресей қазақ хоккейін қақпайлап отыр

Көп ұзамай шайбалы хоккейден жаңа маусым басталады. Бірақ Ресейдің Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын "Барыс" үшін әр түрлі қиындықтар туындап отыр, - деп жазады "Aлаш айнасы"
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) біздің елден Астананың "Барысы" ойнайды. Биылғы маусымдағы басты мәселе ҚХЛ-да Қазақстан ойыншыларының легионер болып саналулары болып отыр. Ал Беларусь хоккейшілері бұл лигада легионер болып саналмайды да, Қазақстан хоккейшілері алыстағы АҚШ, Канада, Чехия, Словакия, Швеция, Финляндия және басқалары сияқты толыққанды легионерлер санатына жатқызылып отыр.
Қызық, Еуразиялық одаққа үш мемлекет кіреді. Биыл 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімге үш елдің – Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары қол қойды. Сонда біртұтас экономикалық кеңістік құру негізінде еңбек ресурстары нарығының да біріктірілетіндігі айталғандай еді...
Бір қызығы, Ресей лигасының басшылары Беларусь хоккейшілерін легионер деп есептемей отыр. Өткен аптада, 17 шілде күні Ресей Федерациясының спорт министрлігінде екі елдің өкілдері кездесті. РФ спорт министрінің орынбасары Ю.Нагорняк, ҚХЛ президенті А.Медведев, Ресей хоккейі федерациясының вице-президенті И.Тузик және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Кеңеске қатысушылар Беларусь хоккейшілерінің ҚХЛ-да легионер болып саналмайтындығы жөнінде шешім қабылдап, келіскен...

Әйтсе де, "Барыстың" бас бапкері, Ресей маманы Андрей Назаров "Қазақстан хоккейшілері легионерлар санатына жатпауы керек, бұл мәселе оң шешімін табуы тиіс" деген көмескі үмітін әлі де үзбейді.
Жалпы бұл мәселе Сочи Олимпиадасы барысында басталған. Ресей құрамасы өз жерінде ұтылып қалып, жүлдеге іліге алмаған соң, ұлттық құрамаларының мүддесі үшін осындай қадамға барып отыр. Бұл жерде Қазақстан хоккейшілерінің Ресей құрамасының мүддесіне қалай нұқсан келтіретіндігі мүлде түсініксіз...
Енді Ресей клубтары сапындағы кейбір хоккейшілеріміздің легионер санатына ілігіп, орнынан айырылып қалмас үшін Қазақстан азаматтығынан бас тартулары да мүмкін...
Ал Қазақстан чемпионатында қаншама Ресей хоккейшілері ойнайды. Бірнеше жылдан бері нәпақаларын қазақ мұзайдыны додаларынан тауып жүрген ресейліктер өте көп. Біздің елдің біріншілігіндегі ресейлік хоккейшілер саны отандық ойыншылардан әлдеқайда асып түседі. Бізде – осылай әлі...
Сондай-ақ, биыл ҚХЛ додасына өзгерістер енгізіліп, ойындар күнтізбесі басқаша жүйемен өтетін болды. Бұл жөнінде "Барыс" клубының бас бапкері Андрей Назаров ресейлік басылымдарға берген сұхбатында былай деді:
– Биылғы маусымда бірде-бір рет Мәскеуде ойнамайтынымыз қапаландырады. Бейнелеп айтқанда, біздің Қазақстан өнерпаздары Үлкен театрда өнер көрсетуден шеттетіліп отыр. Есесіне, Қиыр Шығыстың қыдырмашылары боламыз. Владивосток пен Хабаровскіде көп ойнаймыз, Батысқа да барып, Словакия мен Хорватияда ойнауымыз керек.
Иә, ҚХЛ басшыларының биыл "Барысты" Қиыр Шығыс пен Батысқа арлы-берлі жөңкілтуінің сырын түсіну қиын.
Алдағы маусымда Қазақстан клубы Чернышев дивизионында бақ сынайды. Бұл дивизиондағы клубтар бір-бірінен әжептәуір алшақ жатыр: "Авангард" (Омбы), "Салават Юлаев" (Уфа), "Сибирь" (Новосибирск), "Металлург" (Новокузнецк), "Адмирал" (Владивосток), "Амур" (Хабаровск) және "Барыс".
Биыл бір дивизионындағы командалардың бір-бірімен кемі төрт ойын (екі рет үйде, екі рет түзде) өткізулері керек екендігін ескерсек, "Барыстың" мұзайдында додаға түскенінен ұшақпен ұшқаны көп болатын сияқты.
Осы ретте айта кетейік, кейбір дивизиондағы командалар бір-біріне автобуспен де қатынай алады. Ал "Барысқа" Қиыр Шығыс пен Астананың арасында ұшақпен бірнеше мәрте ұшып, бес сағаттық уақыт белдеуін бірнеше мәрте ауыстыруға тура келеді.

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1860    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.07.2014, 15:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31