Хоккей

"Сарыарқа" Братина кубогінің ширек финалына шықты

  • hc-saryarka.com

    hc-saryarka.com

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында плей-офф додасының бірінші айналымы аяқталды. Бұл кезеңде өнер көрсеткен Қазақстанның екі клубының бірі сәтте өнер көрсетіп ширек финалға шықса, екіншісі турнирден шығып қалды, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.

Өткен жылғы Братина кубогінің жеңімпазы – «Сарыарқа» биыл өз атағын сәтті қорғап бастады. Плей-офф кезеңінің бірінші айналымында Челябінің «Челмет» ұжымымен кездескен Қарағандының клубы жалпы есепте 4:2 (2:1, 5:0, 4:2, 2:4, 1:3, 7:1)есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Братина кубогінің плей-офф кезеңіне Өскеменнің "Қазцинк-Торпедо" шыққан болатын. Ресейдің Жоғары хоккей лигасында 15-орын алған командамыз "Ижстальға" қарсы түсті. Бірақ, өкішінке қарай, шығысқазақстандық ұжым плей-офф кезеңінің бірінші айналымынан аса алмады. Ижевскінің ұжымына қарсы өткен кездесуде "Қазцинк-Торпедо" қарсыласына 4:0 (3:1, 4:3, 2:1, 4:3) есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін Братина кубогінің ширек финал кезеңінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша, екінші айналымда өнер көрсететін Қарағандының «Сарыарқасы» Ресейдің Жоғары хоккей лигасын 12-орынмен аяқтаған Ангарскінің «Ермак» клубына қарсы түтсі. Бұл командалар арасындағы бірінші екі матч 13 және 14-наурыз күндері Қарағандыда өтсе, үшінші және төртінші кездесулер 16 және 17-наурыз күні Ангарскіде өтеді.

Братина Кубогі. Ширек финал жеребесі:

Сарыарқа (Қарағанды) – Ермак (Ангарск)

ТХК (Тверь) – Дизель (Воронеж)

Ижсталь (Ижевск) – Рубин (Түмен)

Молот-Прикамье (Пермь) – Торос (Нефтекамск)

Автор: Уалихан Қосанбай




Көрілген: 1353    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2015, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31