Хоккей

"Сарыарқа" хоккей клуб жаңа бас бапкерін ресми түрде жариялады

  • Фото hc-saryarka.com сайтынан

    Фото hc-saryarka.com сайтынан

Қазақстан тумасы, Ресей маманы Андрей Потайчук "Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері болып бекітілді, деп жазады "Алаш айнасы".

Негізі, Потайчуктің Қарағанды клубына бас бапкер болып тағайындалатындығы мамыр айының бірінші күні-ақ белгілі болған. Бірақ "Сарыарқа" клубы бұл тағайындалымды кеше ғана ресми сайтында жариялады.

Жалпы, 44 жастағы Андрей Потайчук Теміртау қаласының тумасы. Бірақ Ресей азаматы. Шайбалы хоккейдегі карьерасын Мәскеудің "Крылья Советов" клубында бастап, сонда аяқтаған. Тіпті 1991-2003 жылдар аралығында Чехия және Финляндия клубтары сапында ойнаған. Кезінде Ресейдің жасөспірімдер (18 жасқа дейінгі), жастар (20 жасқа дейінгі) және ұлтық құрамасы сапына тартылған.

Бапкерлік карьерасын 2008 жылы "Спартак" (Мәскеу) клубында бастаған. Одан кейін "Атлант" (Мытищи), СКА (Санкт-Петербург) және "Югра" (Ханты-Мансы) клубтарында жаттықтырушы болып, тәжірибесін толықтырды.

Өткен маусымда Құрлықтық хоккей лигасындағы "Югра" клубының Бас менеджері болды. Маусым соңында тіпті осы клубтың бас бапкері міндетін де қоса атқарды.

Андрей Потайчуктің көмекшісі болып, ресейлік Вадим Епанищев тағайындалыпты. Хоккейші кезінде бұл маман "Северсталь", "Ак-Барс" және ЦСКА клубтары сапында ойнаған.

Ал бұған дейін "Сарыарқа" клубы бұрынғы бапкерлерімен өзара келісімшарттарын бұзғандығын жариялаған болатын. Атап айтқанда, келісімшарттарының мерзімінің түгесілуіне байланысты, бас бапкері Леонид Тамбиевті, оның көмекшісі Евгений Галкинді, жаттықтырушы Андрей Банаданы және қақпашылардың жаттықтырушысы Роман Прокопенконы қызметтерінен босатқан болатын.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1527    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2015, 15:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31