Хоккей

"Сарыарқа" хоккейшілері биылғы маусымды рекордсыз аяқтады

  • Фото hctoros.ru сайтынан

    Фото hctoros.ru сайтынан

Қарағандының "Сарыарқасы" Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында оңбай ұтылып, антирекорд жасады, деп жазады "Алаш айнасы".

"Сарыарқа" Ресейдің Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) биыл үшінші жыл өнер көрсетті. Осы үш жылдық тарихында плей-офф сатысындағы додада ешбір клубтан 0:4 есебімен ұтылған жоқ еді. Жылда ЖХЛ-да рекорд жаңартып жүрген "Сарыарқа" биыл плей-оффта 0:4 есебімен ұтылып, өзінің антирекордын жүзеге асырды...

Братина кубогының жартылай финалында Нефтекамскінің "Торосымен" жолы түйісіп, үйдегі екі матчта да, түздегі екі ойында да ұтылды.

Бір қызығы, өткен маусымда да "Сарыарқа" мен "Торос" жартылай финалда кезіккен. Онда Қазақстан клубы төрт матчта басым түсіп (4:0), финалға шыққан болатын. Биыл "Торос" есе қайтарып отыр.

Биылғы төртінші матчта "Сарыарқаның" жеңіске жететін мүмкіндігі болды-ақ. Мәселен, екінші кезеңнің аяғында "Торос" клубының бір ойыншысы бес минутқа айдыннан қуылды. Ал үшінші кезеңде тіпті айдын иелерінің үш ойыншысын бесеулеп қыспаққа алудың сәті түсті...

Бірақ осылай артық құрамда ойнаса да, "Сарыарқа" хоккейшілері гол соға алмай, пұшайман болды. Ал айдын иелері өздерінің осындай бірнеше мүмкіндіктерінің екеуінде гол соғып, Қарағанды хоккейшілерін маусымаралық демалысқа жіберді.

Мойындауымыз керек, биылғы плей-оффта "Сарыарқаның" ойынын үйлеспеді. Бұған дейінгі екі електе (1/8 финалы мен ширек финалда) деңгейі төмендеу екі команданы жолынан тайдыру үшін біраз тер төкті. Әупіріммен өтті. Бірақ жартылай финалда "Торосқа" келіп тірелді... Төрт ойында ұтылып, тактикалық тұрғыда тұтылды.

Естеріңізге сала кетейік, "Сарыарқа" ЖХЛ-дағы алғашқы маусымында, яғни 2012/2013 жылдары Братина кубогының финалына шыққан болатын. Финалда дәл осы "Торостан" 3:4 есебімен ұтылып қалған-ды. Әйтсе де осы маусымда ЖХЛ-да 23 ойында қатарынан жеңіске жетіп, бұрын-соңды болып көрмеген жетістікке қол жеткізіп, рекорд жасаған.

2013/2014 жылдарғы келесі маусымда, яғни былтыр кесе-көлденең кезіккендердің бәрін қоғадай жапырып, Братина кубгын жеңіп алды. Әрі плей-оффта 12 матчта қатарынан (әрі 10 ойында негізгі уақытта) жеңіске жетіп, тағы да ерен жетістікке қол жеткізіп, рекорд жаңартқан.

Ал биыл плей-оффта төрт ойында қатарынан ұтылып, салы суға кетті... Кешегі ойының алдында ресейліктер "Қазақстан клубы 0:3 есебімен ұтылып жатып, төрт рет қатарынан жеңіске жетіп (финалға шығып), тағы бір рекорд жаңарта ма екен", – деп секемденген.

Алайда болмады. Үшінші рет рекорд жасап, Ресей лигасын дүрліктірудің сәті түспеді. Керісінше, плей-оффта алғаш рет оңбай сүрінді.

Плей-офф. 1/8 финалы
/1/ "Сарыарқа" – /16/ "Челмет" – 4:2 (2:1, 5:0, 4:2, 2:4, 1:3, 7:1)
/2/ "Ижсталь" – /15/ "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) – 4:0 (3:1, 4:3, 2:1, 4:3 от)
Ширек финал
/1/ "Сарыарқа" – /12/ "Ермак" – 4:3 (3:2, 3:4 от, 1:2, 3:2, 2:1 от, 4:5, 4:0)
Жартылай финал
/1/ "Сарыарқа" – /8/ Торос" – 0:4 (2:3 от, 1:2, 2:3 от, 0:2)

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1344    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2015, 10:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31