2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Хоккей

"Сарыарқа" күйрете жеңіп, "Қазцинк-Торпедо" сүрінді

  • Фото hc-saryarka.com сайтынан

    Фото hc-saryarka.com сайтынан

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында плей-офф додасының алғашқы сатысындағы ойындары басталып, Қазақстанның екі клубының бірі жеңіске жетіп, екіншісі ұтылып қалды, деп жазады "Алаш айнасы".

"Сарыарқа" үстем түсті

Қарағандының "Сарыарқасы" өз айдынында "Челмет" (Челябинск) клубын қабылдаған болатын. Бірінші ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткенін жазғанбыз. Ал кеше кешкісін екінші ойын басталып, бұл матчта кеншілер клубы үстемдік танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бес голдың екеуін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары соқты. Атап айтқанда, Константин Савенков пен Евгений Рымарев үшінші және төртінші голдарды соғып, жанкүйерлерді қуанышқа бөледі.

Ал "Сарыарқаның" словакиялық қақпашысы Владимир Ковач екінші ойында өз қақпасына бірде-бір гол жібермей, қонақтардың 40 соққысын тойтарды. Матчтан соң, жеңіске жеткенде ортаға шығып билейтін әдетінен жаңылмай, "Қарағанды-Аренаға" жиналған көрермендердің қошаметіне бөленді.

Сөйтіп, "Сарыарқа" өз айдынындағы екі матчта да "Челметті" тізе бүктірді. Ендігі екі матч Челябинскіде өтеді. Түздегі екі ойында да "Сарыарқа" жеңіске жетіп, "Челмет" енді Қарағандыға қайта келмейді деп үміттенеміз.

Естеріңізге сала кетейік, плей-оффтың бірінші сатысында да әрбір жұп арасындағы дода төрт жеңіске дейін созылады.

"Қазцинк-Торпедо" ұтылып қалды

Өскеменнің "Қазцинк-Торпедосы" биылғы плей-офф додасын Ижевскіде бастап, өте тартысты өткен матчта 1:3 есебімен ұтылып қалды. Негізі, "Ижсталь" клубымен тайталасып, дес берген жоқ еді. Бірақ үш голдың алғашқы екеуін кем құрамда жіберіп алды.

Әсіресе, матчтың аяқтауына төрт минуттан артық уақыт қалғанда, кем құрамда қалу оңай болған жоқ. Есеп 1:1 болып, "таразы басы" теңселіп тұрғанда, төрешілер "Қазцинк-Торпедоның" бір ойыншысын айдыннан қуып, кездесу тағдыры осы минуттарда шешілді.

Онсыз да айдын иелерінің тегеурінді шабуылдарын тойтарып, титықтап қалған "Қазцинк-Торпедо" ойыншылары құрамы бір хоккейшіге артық қарсыластарына төтеп бере алмай қалды. "Ижсталь" бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, гол соғып алға шықты. Осы гол шығысқазақстандықтардың сағын сындырып, жігерлерін құм қылғандай болды...

Себебі, осы голдан кейін "Қазцинк-Торпедо" ойыншылары біршама басылып қалғандай болды. Тіпті ойынды тоқтатпай ауыспақ болып, жаза басып, айдын иелерінің бір хоккейшісі біздің қақпашымыз Андрей Яковпен жалғыз өзі бетпе-бет шығы кетті. Осылай үшінші гол соғылды.

Бұл жеңіліс "Қазцинк-Торпедо" ойыншыларына сабақ болады деп ойлаймыз. Енді мейілінше сақ болу керек. Әсіресе соңғы минуттарда. Бүгін кешке екінші ойын өтеді. Содан кейінгі екі матч – Өскеменде. Яғни есе қайтаруға болатын мүмкіндіктер бар.

Плей-офф. 1/8 финалы
/1/ "Сарыарқа" – /16/ "Челмет" – 2:0 (2:1, 5:0)
/3/ ТХК – /14/ "Кубань" – 1:1 (1:3, 4:3 ОТ)
/5/ Липецк ХК – "Ермак" – 0:1 (1:5, 3:4 ОТ)
/7/ "Буран" – "Дизель" – 1:1 (2:4, 3:1)
/2/ "Ижсталь" – /15/ "Қазцинк-Торпедо" – 1:0 (1:3)
/4/ "Молот-Прикамье" /13/ "Спутник" – 1:0 (5:1)
/6/ Рязан ХК – /11/ "Рубин" – 0:1 (0:4)
/8/ Торос" – /9/ "Зауралье" – 0:1 (1:3)

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1489    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.02.2015, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31