Хоккей

"Сарыарқа" соңғы ойында "Ермакты" етпетінен сұлатты

  • Фото hc-saryarka.com сайтынан

    Фото hc-saryarka.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының ширек финалында Ангарскінің "Ермак" деп аталатын клубын жолынан тайдырды, деп жазады "Алаш айнасы".

Ресейдің Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының биылғы додасы Қарағанды клубына оңайға түсіп жатқан жоқ. Жылда плей-офф додасының бастапқы сатыларында қарсыласын қалпақпен ұрып алмаса да, қиналмай ұтып жүрген "Сарыарқаға" биыл біршама тер төгуге тура келді.

Биылғы алғашқы електе плей-офф додасына 16-орынмен әзер шыққан "Челмет" (Челябинск) клубынан өту үшін де алты ойын қажет болды.

Ал ширек финалда Иркутск облысының "Ермак" клубы аянбай "шайқасты". Ангарск клубын жолынан тайдыру үшін мұзайдынға жеті рет шығуға тура келді. Бұл ойындардың бәрі де аса тартысты өтті. Тіпті төбелессіз өткен біреуі жоқ десек те болар.

"Ермактың" ойыншылары сотқар екен. Қит етсе, жұдырықтарын ала жүгіреді. Тіпті "Сарыарқа" хоккейшілерінің қайсыбіреуі гол соқса, ту сыртынан келіп қойып қалады, итеріп жібереді. Ал төрешілер оларды айдыннан қуып жазаламайды...

Осындайда команда сапында Дамир Рысбаев, Джошуа Грэттон секілді жұдырығы жуан жігіттердің жоқтығына қынжыласың. Осындай тафгайлар әлгіндей соқтықпа сотқарларды сабасына тез түсірер еді ғой...

Жалпы, алты ойында екі команда бір ғана шайба айырмасымен алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Екі матч тіпті овертаймға дейін созылды. Тек жетінші кездесуде ғана "Сарыарқа" үстемдік танытып, ентелеген "Ермакты" етпетінен түсірді. Есеп – 4:0.

Әрі соңғы матчтың соңғы секундартында "Сарыарқаның" канадалық ержүрек легионері Роберт Макмиллан қонақтардың шабуылшысы Сегей Чубыкинмен төбелесті. Екеуі де бас киімдері мен қолғаптарын шешіп тастады. Бірақ төбелес ұзаққа созылған жоқ. Макмиллан "Ермак" шабуылшысын пәрменді соққысымен шалқасынан түсірді. Одан кейін екеуін төрешілер ажыратып алды.

Роберт Макмиллан осылай бұл ойынның нүктесін (тіпті, леп белгісін) қойды. Сыралғы "Сарыарқа" өзеуреген "Ермактың" аптығын осылай басты. Әрі қарай, әрине, "Сарыарқа" шығады. Бірақ әжептәуір күш-жігер жұмсауға тура келді.

Плей-офф. 1/8 финалы
/1/ "Сарыарқа" – /16/ "Челмет" – 4:2 (2:1, 5:0, 4:2, 2:4, 1:3, 7:1)
/2/ "Ижсталь" – /15/ "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) – 4:0 (3:1, 4:3, 2:1, 4:3 от)
Ширек финал
/1/ "Сарыарқа" – /12/ "Ермак" – 4:3 (3:2, 3:4 от, 1:2, 3:2, 2:1 от, 4:5, 4:0)

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1506    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2015, 12:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29