Хоккей

"Сарыарқа" тағы да "Тороспен" "тіреседі"

  • Фото hc-saryarka.com сайтынан

    Фото hc-saryarka.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының жартылай финалында Башқұртстанның "Торос" клубымен кездесетін болды, деп жазады "Алаш айнасы".

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) сарапқа салынып жатқан Братина кубогының жартылай финалына төрт команда шықты. ЖХЛ-дың жыл сайынғы тұрақты біріншілігінің қорытынды кестесіндегі орындары бойынша "Сарыарқа" Нефтекамскінің "Торосымен" кездеседі.

Өйткені, жартылай финалға шыққан төрт команданың ішінде "Сарыарқа" әлгі кестеде ең жоғары, ал "Торос" ең төмен орналасқан – клубтар. Ал "Ижсталь" мен ТХК (Тверь хоккей клубы) – екеуінің ортасында.

/1/ "Сарыарқа" – /8/ "Торос" – 28-29.03; 1-2.04; 5.04; 7.04; 9.04

/2/ "Ижсталь" – /3/ ТХК – 29-30.03; 2-3.04; 6.04; 8.04; 10.04

"Сарыарқаның" Братина кубогының шешуші кезеңінде Нефтекамскінің "Торосымен" осымен үшінші жыл қатарынан жолы түйісіп отыр. 2012/2013 жылдар маусымында Қазақстан мен Башқұртстанның деңгейлері жағынан екінші клубтары Братина кубогының финалында кездескен.

Екеуара дода шектен тыс тартысты өтіп, жеті матчқа созылған. Сол жылы "Торос" 4:3 есебімен басым түсіп, Братина кубогын иеленген.

Ал өткен маусымда (2013/2014 жылдар) "Сарыарқа" мен "Торос" жартылай финалда кезікті. Былтыр Қазақстан клубы төрт матчта басым түсіп (4:0), финалға шықты. Финалда "Рубин" (Тюмень) клубын ұтып, Братина кубогын жеңіп алғанын білесіздер.

Биыл "Сарыарқа" мен "Торостың" жолдары тағы да жартылай финалда түйісіп отыр. "Сарыарқа" биыл да (былтырғыдай) "Торосты" жолынан тайдырады деп сенеміз.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1531    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2015, 13:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31