Хоккей

Серік Сәпиев "Сарыарқаның" Братина кубогы жолындағы сапарын бастап берді

  • Фото hc-saryarka.com сайтынан

    Фото hc-saryarka.com сайтынан

  • Фото hc-saryarka.com сайтынан

    Фото hc-saryarka.com сайтынан

Ресейдің Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін Қазақстанның екі клубы да плей-офф додасына шығып, Қарағандының "Сарыарқасы" алғашқы ойынын өткізіп те үлгерді, деп жазады "Алаш айнасы".

Жоғары хоккей лигасындағы (ЖХЛ) 24 команда бар. Солардың 16-сы плей-офф додасына шығып, "Братина" кубогын сарапқа сала бастады.

Биылғы маусымды өте жоғары қарқында өткізген Қарағандының "Сарыарқасы" 52 ойыннан 110 ұпай еншілеп, жыл сайынғы тұрақты біріншілікте бірінші орынға ие болды. Әрі өкшесін басқан бәсекелестерінен әлдеқайда ұзап кетті. Мысалы, екінші орынға ие болған "Ижсталь" (Ижевск) клубы тура осындай 52 ойыннан 95 ұпай жинады. Ал үшінші орындағы ТХК (Тверь) клубы 92 ұпай еншіледі.

Өкінішке қарай, Өскеменнің "Қазцинк-Торпедосы" жылдағыдай биылғы маусымды да ала-құла өткізді. Соңғы ойындарын түзде өткізіп, ең соңғы үш кездесуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Сөйтіп, 15-орынға дейін сырғып кетті. Биыл 52 ойыннан 75 ұпай ғана еншіледі.

Осылайша, жыл сайынғы тұрақты біріншіліктің қорытындысы бойынша плей-оффтың бірінші сатысында додаға түсетін сегіз жұп анықталды. Бекітілген ереже бойынша, бірінші орынға ие болған "Сарыарқа" 16-орындағы "Челмет" клубымен, ал екінші орындағы "Ижсталь" 15-орынға тұрақтаған "Қазцинк-Торпедо" клубымен кездесетін болды.

Плей-оффтың бірінші сатысында әрбір жұп арасындағы дода төрт жеңіске дейін созылады. "Сарыарқа" кеше кешкісін "Челмет" (Челябинск) клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айтпақшы, бұл ойында шайбаны ортаға Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев тастап, плей-офтты бастап берді. Бұл ойын кешегі төрт матчтың ішінде ең бірінші басталғаны екенін ескерсек, Сәпиев "Сарыарқа" мен "Челмет" клубтарына ғана емес, бүкіл Жоғары хоккей лигасына плей-офф додасын бастап, "тұсауын кесіп" берген болып саналады. Қалай десек те, Сәпиевтің қолы жеңіл болып, "Сарыарқаға" жеңісті жолын берсін дейміз.

Ал "Қазцинк-Торпедо" алғашқы екі ойынын бүгін және ертең Ижевскіде өткізеді. Себебі жыл сайынғы тұрақты біріншілікте "Ижсталь" Өскемен клубынан жоғары орналасқан.

Енді, ЖХЛ-дағы плей-офф додасының алғашқы сатысында додаға түсетін жұптармен таныс болыңыздар:
/1/ "Сарыарқа" – /16/ "Челмет" – 1:0 (2:1, 25.02; 28.02; 01.03)
/3/ ТХК – /14/ "Кубань" – 0:1 (1:3, 25.02; 28.02; 01.03)
/5/ Липецк ХК – "Ермак" – 0:1 (1:5, 25.02; 28.02; 01.03)
/7/ "Буран" – "Дизель" – 0:1 (2:4, 25.02; 28.02; 01.03)
/2/ "Ижсталь" – /15/ "Қазцинк-Торпедо" – 0:0 (25.02; 26.02; 01.03; 02.03)
/4/ "Молот-Прикамье" /13/ "Спутник" – 0:0 (25.02; 26.02; 01.03; 02.03)
/6/ Рязан ХК – "Рубин" – 0:0 (25.02; 26.02; 01.03; 02.03)
/8/ Торос" – "Зауралье" – 0:0 (25.02; 26.02; 01.03; 02.03)

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1533    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.02.2015, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31