Хоккей

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

  • https://www.gazeta.ru/

    https://www.gazeta.ru/

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін Қазақстан құрамасы үшінші ойынын АҚШ-пен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бүгінгі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер қарсыласымен терезесі тең деңгейде ойын көрсетті.

 

Десе де тәжірибелі хоккейшілерден жинақталған американдық құрама кейбір жағдайда басымдық танытып жатты.

 

Ойынның бірінші кезеңінің 6-минутында Адам Кленденинг есеп ашса, екінші кезеңнің 21-минутында Тревор Мур есепті үстемелей түсті. Үшінші кезеңде де американдық құрама басымдығын арттыра түсті. Нәтижесінде 41-минутта Джек Друри мергендік танытты.

 

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер алғашқы екі ойында басым түсті. Алдымен Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Финляндияны буллитен 2:1 есебімен тізе бүктірді.

 

Енді қазақстандық хоккейшілер келесі ойынын 26 мамырда Германия құрамасына қарсы өткізеді.

 

Ал АҚШ құрамасы 27 мамырда Латвиямен шеберлік байқасады.

 

 




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 21:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31