Хоккей

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы ел чемпионы – "Ертіс"

  • Фото hc-ertic.kz сайтынан

    Фото hc-ertic.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық ойындары аяқталды. "Ертіс" хоккейшілері "Арлан" клубынан басым түсіп, үшінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды, деп жазады "Алаш айнасы".

Павлодардың "Ертісі" ел чемпионатының плей-офф жүйесімен өткен финалдық додасында Көкшетаудың "Арланынан" басым түсті. Төрт жеңіске дейін созылуы керек финалдық сында "Ертіске" биыл бес-ақ ойын қажет болды.

Иә, екі жыл болды, ел чемпионатының көмбесінде "Арланның" "Ертіске" есесі кетіп жүр. Өткен маусымда да финалда "Ертіс" пен "Арлан" додаға түсіп, саф алтынды сарапқа салған болатын. Онда Павлодар клубы төрт ойында қатарынан жеңіске жетіп, ел чемпионы атанған. Биыл Көкше клубынан тағы да үстем түсті.

Юлиус Пензес жаттықтыратын Павлодар клубы финалда қалай ойнау керек екендігін білетіндей. Күш-жігерлерін де бағамдап жұмсап, өз мүмкіндіктері мен әлеуеттерін дұрыс қолдана білді.

Сонымен биыл "Ертіс" чемпион атанып, "Арлан" тағы да күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал үшінші орынды, яғни қола жүлдені "Горняк" (Рудный) клубы жеңіп алғанын бұған дейін жазғанбыз.

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1275    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.04.2015, 10:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31