Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстанда "Айсұлуға" тең "сұлу" болмай тұр

  • Фото icehockey.kz сайтынан

    Фото icehockey.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталып, биыл да "Айсұлу" клубы алтынмен апталды, деп жазады "Алаш айнасы".

Биыл әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты үш турға бөлініп өткізілді. Үш турда да "Айсұлу" (Алматы) арулары теңдессіз шықты. Үш турда барлық ойындарын жеңіспен аяқтап, ел біріншілігінде үстемдік құрды.

Күміс жүлде "Томирис" (Астана) қыздарына бұйырды. Ал "Алматы" хоккей клубы қола жүлдеге ие болды.
Жалпы, биылғы маусымдағы ел чемпионатын бес команда бастап, соңғы турда жеті команда ел біріншілігінің жүлделі орындарын сарапқа салды.

Бірінші турда (6-10 қазан, 2014 жыл) "Айсұлу", "Томирис", "Алматы" "Устинка" (Өскемен), "Горняк" (Рудный) клубтары додаға түсті. Екінші турда (11-16 қаңтар, 2015 жыл) бұларға "Ертіс" (Павлодар) клубы қосылды.

Соңғы турда (19-24 сәуір, 2015 жыл) "Жұлдыз" (Алматы) бойжеткендері де ел біріншілігінде бақтарын сынады. Ал Рудный қыздары соңғы турда "Қуат" командасы ретінде сынға түсті.

Ел біріншілігі аяқталған соң, әр шептегі үздік ойыншылар анықталды:
Ең үздік қақпашы – Айжан Раушанова,
Ең үздік қорғаушы – Ажар Хамимулдинова,
Ең үздік шабуылшы – Татьяна Королёва.

 

Автор: Айқын Жаппар




Көрілген: 1429    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2015, 15:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31