Хоккей

Шайбалы хоккейден ұлттық құрама сапы екшеліп қалды

  • Фото Шайба.kz сайтынан

    Фото Шайба.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының сапы екшеліп қалды. Бүгін Италияға аттанатын хоккейшілер тізімі жарияланды, деп жазады "Алаш айнасы".

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері Астана түбінде бірнеше күн жаттығу жиынын өткізіп, әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын хоккейшілерді іріктеп алды. 40-қа жуық хоккейшінің ішінен үш қақпашы және 24 ойыншы екшеліп алыныпты.

Енді ұлттық құрамамыз Еуропаға барып, дайындықтарын Италияда пысықтайды. Әрі осы елдің ұлттық құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді (13 және 14 сәуір күндері).

Осы екі матчтан кейін төрт ойыншы (екі қорғаушы және екі шабуылшы) елге қайтады. Қалғандары (үш қақпашы және 20 хоккейші) Польшаның Краков қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан ұлттық құрамасы 19-25 сәуір аралығында, әлем чемпионатының І-дивизионындағы "А" тобында бақ сынайды. Мұны деңгейі жағынан екінші лига деп түсінгендеріңіз жөн.

Мақсат – келесі жылы жоғары дивизионда бақ сынауға құқық беретін екі жолдаманың біріне қол жеткізу.

Енді құрама сапымен танысыңыздар:
қақпашылар:
Павел Полуэктов ("Барыс", Астана)
Дмитрий Мальгин ("Барыс")
Алексей Иванов ("Барыс")
қорғаушылар:
Мадияр Ибрайбеков ("Барыс")
Дамир Рысбаев ("Барыс")
Кевин Даллмэн ("Барыс")
Роман Савченко ("Барыс")
Максим Семёнов ("Барыс")
Алексей Литвиненко ("Барыс")
Артемий Лакиза ("Барыс")
Дмитрий Трясунов ("Ертіс", Павлодар)
Александр Липин ("Ертіс")
Леонид Метальников («Казцинк-Торпедо»)
шабуылшылар:
Талғат Жайлауов ("Барыс")
Константин Руденко("Барыс")
Роман Старченко ("Барыс")
Константин Пушкарёв ("Барыс")
Фёдор Полищук ("Барыс")
Никита Михайлис ("Барыс")
Вадим Краснослободцев ("Торпедо", Нижний Новгород, Ресей)
Евгений Рымарев ("Сарыарқа", Қарағанды)
Константин Савенков ("Сарыарқа")
Михаил Паньшин ("Сарыарқа")
Аркадий Шестаков ("Қазцинк-Торпедо")
Андрей Спиридонов ("Қазцинк-Торпедо")
Максим Худяков ("Ертіс")
Алексей Воронцов ("Ертіс")

 

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1876    Пікірлер: 1

жұма, 10.04.2015, 15:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31