Хоккей

Сирек көрініс. Шайбалы хоккей "төресі" мен қазақ саңлағы

  • Сирек көрініс. Шайбалы хоккей

    Сирек көрініс. Шайбалы хоккей "төресі" мен қазақ саңлағы

Бүгін оқырмандарымыз бен жанкүйерлердің назарына шайбалы хоккейден қазақ спорты тарихының құнды жәдігері бола алатын суретті ұсынғымыз келеді, деп жазады "Алаш айнасы".

1998 жыл. Нагано Олимпиадасы. Ширек финал. Қазақстан және Канада ұлттық құрамалары арасындағы ойын (Бұл ойында біздің хоккейшілер 1:4 есебімен ұтылып қалған).

Суретте – осы екі құраманың капитандары Ерлан Сағымбаев пен даңқты Уэйн Гретцки. Екеуі де Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқан болатын.

Иә, шайбалы хоккей "төресі" (бәлкәм, "атасы" немесе "королі" дерсіз) Уэйн Гретцкидің дәл өзі. ХХ ғасырдың ең әйгілі спортшыларының бірі.

Ол – шайбалы хоккей әлемінде "Ұлы" ("The Great One") атанған хоккейші. Солтүстік Америкадағы Ұлттық хоккей лигасында 61 рекорд жаңартқан. Аталған лигада Гретцки жаңартпаған рекорд қалмаған десек те болады.

Ал оның жанындағы – Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Ерлан Сағымбаев. 1987 жылы "КСРО-ның үздік шабуылшысы" атанып, КСРО жастар құрамасы сапында ойнаған. Қазақ жігіттерінің де хоккейді көп-көрім ойнайтындығын көрсетіп, дәлелдеген алғашқы саңлақтарымыздың бірі.

Шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Азия ойындарының екі дүркін чемпионы (1996 және 1999 жылдар).

Ерлан Ерлесұлы 2001 жылдан бері бапкерлік іске бет бұрып, ұлағатты ұстаз болды. Педагогика ғылымының кандидаты. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Иә, негізі өзімізде де осындай сыралғы саңлақтар, білікті мамандар баршылық. Бірақ кейінгі жылдары шайбалы хоккейде де шет елдік мамандарға иек артып барамыз...

Тарихи жәдігерге тұрарлық фотоны "Франс-Пресс" агентігінен сатып алып, қазақ оқырмандарына ұсынған Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының президенті Ілияс Омаровқа шексіз алғыс білдіреміз.

Автор: Нұрғазы Сасаев




Көрілген: 1957    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2015, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30