Хоккей

Универсиада-2017: Хоккейшілеріміз жартылай финалға шықты

  • © vesti.kz

    © vesti.kz

Қазақстандық хоккейшілер ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандастарымыз ширек финалда шведтерді жеңді.

«Халық Аренада» өткен ойында 4:0 есебі тіркелді. 11 минутта Константин Савенков есеп ашты. Екінші кезеңде командалар нәтижені өзгерткен жоқ. Ал үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсыластар қақпасына жауапсыз тағы үш шайба тоғытты. 43 минутта Кирилл Савицкий ойыншы басымдығын сәтті пайдаланса, үшінші шайбаны Никита Михайлис өз еншісіне жазды. Ал ойындағы төртінші шайбаны 58 минутта Алексей Анциферов соқты.

Сергей Старыгин жаттықтыратын қазақстандық хоккейшілер қақпасына әлі бірде-бір шайба соқтырған жоқ. Жартылай финалда отандастарымыз 7 ақпан Чехиямен ойнайды. Топтық кезеңде отандастарымыз чехтарды 8:0 есебімен жеңген болатын.

 vesti.kz




Көрілген: 982    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.02.2017, 11:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31