Хоккей

Универсиада: Хоккейден Қазақстан құрамасы финалға шықты

  • Универсиада: Хоккейден Қазақстан құрамасы финалға шықты

    Универсиада: Хоккейден Қазақстан құрамасы финалға шықты

ХХVII қысқы Универсиадада Қазақстан хоккейшілері финалға шықты. Түнде аяқталған жартылай финалдық матчта біздің студент-хоккейшілеріміз Чехия құрамасын жолынан тайдырды, деп жазады "Алаш айнасы".

Қазақстан хоккейшілері Испания мұзайдынындағы Универсиаданы "С" тобында бастаған. Әуелі Жапония хоккейшілерін 3:2 есебімен тізе бүктірді. Содан соң азулы АҚШ құрамасымен кездесті. Бұл ойынның негізігі уақытында қос құрама екі голдан соғып, тең түсті. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Ал буллитте АҚШ құрамасының бағы жанды. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Әйтсе де, төрт ұпаймен "С" тобында бірінші орынға ие болды. Өйткені АҚШ студенттері Жапония жігіттеріне 2:3 есебімен есе жіберіп алған болатын.

Өз тобында бірінші орын алғандықтан, біздің хоккейшілер бірден ширек финалға шықты. Қызық болғанда, ширек финалда қайтадан Жапония құрамасымен кездесті. Жапондар өйткені осы Универсиаданың 1/8 финалында Қытай құрамасын 12:3 есебімен тас-талқан қылған еді.

Жапондармен екінші рет кездесенде біздің хоккейшілер ерледі. Шайбалы хоккейден шығыстағы басты бәсекелесімізді тізерлетіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал жартылай финалда Чехия құрамасымен кездесті. Чехтар ширек финалда Корея хоккейшілерін 12:0 есебімен жүндей түткен болатын. Алайда біздің хоккейшілер олардың көсіле сілтеулеріне еш мүмкіндік берген жоқ.

Тартысты өткен матчың әр кезеңінде бір голдан ғана соғылды. Бастапқы екі кезеңнің әрқайсысында Сергей Старыгин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бір голдан соғып алға шықты. Чехтар соңғы кезеңде есепті қысқартқандарымен, одан әріге шамалары жетпеді.

Қақпашымыз Михаил Смольников Чехияның жылпың жігіттерінің 41 соққысын тойтарды. Ал біздің хоккейшілер бұл ойында Чехия қақпасын 13 рет қана нысанаға алды. Әйтсе де, саннан сапа басым болып, сондай-ақ Смольников бірнеше рет қауіпті соққыларды дартыпай, жеңіске жеттік.

Финал – бүгін түнде. Қарсыласымыз – Ресей құрамасы. Олар өз тобында Канада студенттерінен 3:5 есебімен ұтылып қалғандарымен, жартылай финалда жолдары қайта түйісіп, еселерін қайтарды. Шектен тыс шиеленісті өткен ойын тең аяқталып, буллитте Ресей хоккейшілерінің бақтары жанды. Жалпы есеп – 3:2.

Сонымен, бүгін – финал. Негізін Қазақстан чемпионатындағы жас хоккейшілеріміз құрайтын еліміздің студенттер құрамасы әйтеуір бір жүлде алады. Жеңсе – алтын, жеңілсе – күміс. Әрине, алтын алғандарын қалаймыз.

 

Автор: Айқын Жаппар




Көрілген: 1561    Пікірлер: 1

сенбі, 14.02.2015, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31