Елімізде геотермалды энергетика қолданысқа ене бастады

Елімізде геотермалды энергетика қолданысқа ене бастады

 Қазіргі таңда мемлекеттің индустриалды-инновациялық бағдарламасына сәйкес аймақтарда түрлі инновациялық жобалар күнделікті тұрмысқа енуде. Осындай инновациялық технологияны Петропавлдағы мектептердің бірі қолданысқа енгізді. Бұл білім ошағы жылудың игілігін жерден көріп отыр, яғни мектеп елімізде алғаш болып геотермалды энергетикаға көшті

Мектепке биыл үш бірдей геотермалды жылыту насосы орнатылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 36 миллион теңге бөлінді.
Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу. Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықсұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден алынады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданьлады.
Құрылғы 100 метр тереңдіктен су сорып алып, арнайы бойлерге жөнелтеді. Бұдан кейін 65 градусқа дейін ысыған су жылыту жүйесіне тарайды. Ал салқын су болса, екінші құбырмен қайтадан жер астына жіберіледі. Бұл – экологиялық таза жылыту жүйесі. Оның үстіне экономикалық тұрғыдан да тиімді. Болашақта өңірде мұндай жылыту насостарын басқа да бірнеше білім ошақтарына орнату жоспарланып отыр.
– Біздің мектеп 25 жыл бойы электр қазандық арқылы жылытылып келді. Ол үшін ай сайын шамамен 600 мың теңге төлеп келдік. Енді шығын 3-4 есеге азаяды. Оның үстіне құрылғы автоматты түрде жұмыс жасайды. Алты ай бойына қыс болатын солтүстік өңір үшін бұл жүйе өте тиімді, – дейді мектеп директоры Бауыржан Жүнісов.
Электр энергиясын және жылуды геотермалды көздерден алу мүмкіндігі әлі күнге әлемде кең жариялана қоймаған. Егер шикізаттың энергия көзіне айналу сатысын ескерсек, онда мұнайды, газды және көмірді өндіру мен өңдеу, уранды ыдырату тек қана жылу және атом электр станцияларының турбиналарын айналдырып, электр энергиясын шығаратын аса қызған бу түріндегі соңғы өнімді алу үшін ғана өндіріледі. Бірақ оларды өндірмесе де болады, ал аса қызған буды дайын күйінде жер асты жасанды геотермалды көздерден алуға болады.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста