Индустрия мен Инновация

Қазақстандық қаржы ұйымы The Banker нұсқасы бойынша екінші жыл қатарынан "Жыл банкі" деп танылды

  • Қазақстандық қаржы ұйымы The Banker нұсқасы бойынша екінші жыл қатарынан

    Қазақстандық қаржы ұйымы The Banker нұсқасы бойынша екінші жыл қатарынан "Жыл банкі" деп танылды

29 қараша күні Лондонда The Banker журналы бекіткен әлемнің үздік банктеріне сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті. ForteBank екінші жыл қатарынан "Қазақстандағы жыл банкі" номинациясында жеңіске жетті.

Жыл сайын The Banker банктердің серпінді өсуі, инновациялық банк технологияларын әзірлеу және енгізу, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, әлемнің 140-тан астам елінен ең үздік қаржы институттарын таңдайды. The Banker журналы 1926 жылдан бастап шығарылады және Financial Times тобына кіреді.

The Banker сарапшыларының пікірінше, ForteBank жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позициялардың күшеюі, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарының дамуы және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасы болды.

ForteBank активтер көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің бестігіне кіреді және капиталдандыру, өтімділік деңгейі бойынша жетекші орынға ие.

"Біз өз жетістіктерімізді жоғары бағалағаны үшін The Banker басылымына ризашылығымызды білдіреміз. Марапатты екі жыл қатарынан беру тиімді қызметті және дұрыс таңдалған стратегияны растайды. Қиын нарықтық жағдайларда ForteBank бизнестің барлық салаларында сенімді өсуді көрсете отырып, табысқа жетті", деді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили сыйлықтарды тапсыру және марапаттау рәсімінде.

ForteBank – елдің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі болып табылады. Қаржы ұйымының 19 филиалы мен 100-ге жуық бөлімшесі бар. Банктің мобильдік қосымшасы Қазақстанда №1 болып танылды және ресейлік Marksweb талдау агенттігінің таңдауы бойынша ТМД-да ең үздік 10 банктің қатарына енді. 2017 және 2018 жылдары ForteBank The Banker таңдауымен "Қазақстандағы жыл банкі" және Global Finance таңдауымен Қазақстанның үздік банкі деп танылды, 




Көрілген: 1940    Пікірлер: 0

жұма, 30.11.2018, 10:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29