"4 баланың анасына атпен секірген ерсі екен". Жұлдыз Әбдукаримова сынағандарға жауап берді

05 мамыр 2022, 16:26

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукаримова атқа отырғанын сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мені сен ғана түсінесің, тұлпарым! Ал түсінбейтіндер, директке жазған бір оқырманым сияқты "4 баланың анасына атпен секірген ерсі екен" деп, менің жанымды, саған деген махаббатымды түсінбейді. "Неге біз көпбалалы аналардың "4 балаң бар саған болмайды" деп мүмкіндігін шектеп, дамуын тоқтатып, бар дүниеден баз кешкен мүсәпір етіп тастаймыз. Бала деген анаға берілген масыл емес, асыл ғой" деп мен оларды түсінбеймін… Ең бастысы, мені сен ғана түсінесің, Тұлпарым", - деп жазды әнші Желіде. 
Актрисаның жазбасына пікір жазғандар оның бұл әрекеті өзіне жарасатынын айтты:

 
6 бала болса да, маған салса түйеге отырар едім. Көңіл шіркін жас қой әрқашан да!

Ешкімге ешқашан жақпайсың, бәрі керемет болса да бір құмалақтай мін тауып соны түйедей етеді.

Керемет! Көп балалы ана Жұлдыздай-ақ болсын!

Апаларымыз да мінген атқа, онда тұрған ешқандай ерсілік жоқ деп ойлаймын. Керемет, менің де мінгім келеді. Жарайсың, айтатын ауыз айта берсін, бұл сенің өмірің!

Иә, жарасады өзіңе, Жұлдыз ханым! Күлген күлкің, тұрысың, жүрісің балаға деген мейірімің, анаға деген құрметің, бәрі-бәрі. Өміріңіз де осы тұлпардың шабысындай болсын, тек алға...

Tengrinews.kz