Инста-Алаш

47 жастағы Баян Алагөзова бояусыз түрін көрсетті

  • 47 жастағы Баян Алагөзова бояусыз түрін көрсетті

    47 жастағы Баян Алагөзова бояусыз түрін көрсетті

Мақсатқызы өзін еліміздегі ең сұлу арулардың қатарына жатқызбайды. Десе де:
"Сұлу бикеш емес шығармын, бірақ 45+ жасыма жақсы сақталғанмын. Тек мұрнымның үстіндегі кішкентай безеу көңілді түсіріп тұр, бірақ ол шығып қойды.
Ал кетпейтін бояудан - қас пен жоғарғы қабақ татуажы ғана бар. Айтпақшы ернім өзімдікі, үлкейтілген еріндерді ұнатпаймын", - дейді ол.
Күннің ыстығы әсер етті ме, әлде басқа ма, продюсер бір аптадан бері көңілі құлазып жүргенін айтады. Шынайы түрін миллиондарға жариялап жіберуінің құпиясы да осында:
"Жалпы менің көңіл-күйім жоқ, бір апта үйден шықпадым және әзірге шығу жоспарымда жоқ. Болып тұрады... Сондықтан да өзім жайлы шындықты (әзірге сыртқы) жария етуді жөн көрдім.
Орта жастағы кризис сияқты. Айтпақшы алғашқы кризисті 36 жаста басымнан өткердім. Қызықтың бәрі артта қалды деп жылағаным есімде. Негізінде керісінше болып шықты, 36-да барлығы енді басталып жатты".
Продюсердің бояусыз фотосы қызу талқыға түсті. 9 сағатта 65 мың "лайк" жинап, 3 мыңға жуық жан пікір білдірді. Басым бөлігі жағымды.
"Ой, басқалардан айырмашылығыңыз жоқ екен", "Шынайы және сұлусыз, әйтпесе макияжбен бәрінің түрі бірдей", "Қарапайым қазақ қызы", "Сұлусыз, менімен жасты екенсіз, өте жақсы сақталғансыз", "Сіз кез-келген мезгілде, кез-келген жерде бояусыз да әдемісіз", - деп жазды оқырмандар.

instagram.com парақшасынан




Көрілген: 3242    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 01:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31