"50 балам болса": Үш әйелімен тұрып жатқан орыс жігіті елді таңғалдырды

16 қараша 2018, 18:55

Ресейдің Владимирск облысы Александров қаласының 34 жастағы тұрғыны Иван Суховтың үш әйелі бар. Азамат оның алғашқысымен заңды некеге тұрса, қалған екеуін ортақ келісім бойынша алған. Бұл туралы "Россия-1" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қазір Иван өзінің үш әйелімен үш бөлмелі пәтерде тұрады.

Бүгінгі күні жанұя тоғыз баланы асырап отыр. Әр күні кешке отағасы түнін бірге өткізетін жарын таңдайды екен. Осылайша, ол өзінің кең бөлмесіне әйелдерін кезекпен кіргізетін көрінеді.

Ал жұбайларының бірі қателік жасап қойса, төсек қатынасынан бір айға тыйылады екен.

Сухов бірінші жары Натальямен 11 жыл заңды некеде тұрып жатыр. Оның екінші және үшінші әйелдерінің есімдері Анна және Мадина.

Мадинаның алдында Иванның Юля атты жұбайы болыпты. Ол гаремнен үш баласын алып қашып кеткен екен.

Алайда азаматтың үйі босап қалмай, керісінше жаңа жары аяқ басқан.

Иван өзінің әйелдері бұдан да көп болғанын, ал балаларының саны 50-ден асқанын қалайды екен. Алғашында Наталья күйеуінің бұл ойымен келіспеген көрінеді.

Артынша ол жұбайының үлкен отбасын қалайтынын түсініп, өз рұқсатын беріпті.

NUR.KZ