Инста-Алаш

Tөреғали Tөреәлі: Әрбір әке баласына менің әкемдей қараса, Қазақстан дамиды

  • Tөреғали Tөреәлі: Әрбір әке баласына менің әкемдей қараса, Қазақстан дамиды

    Tөреғали Tөреәлі: Әрбір әке баласына менің әкемдей қараса, Қазақстан дамиды

Әнші, ақын Tөреғали Tөреәлі әкесі Tөреәлі Tөлеповты туған күнімен құттықтап, жан тебірентерлік тілек арнады. 

 "Қазір дерттің дендеп, аурудың күшіне мініп тұрған кезі.
Қоғамды, жалпы адамзат баласының санасын үлкен үрей мен негатив басып тұрғандай.

Кімнің парақшасын қарасаң да арпалыс.
Ендеше мен бүгін бір позитивті дүние жазайын деп шештім.
Мен емес бұл осы күні әкемді өмірге әкеліп Алланың шешкен күні екен.
Иә, бүгін отбасымыздың тірегі, ақылшысы, бәріміздің арқа тұтар асқар тауымыз, әкеміздің туған күні.
Кей-кезде байқатпай әкемнің жүзіндегі әжімдерге қарап қызарақтап қалам. Пәлендей терең әжім түспесе де қартайып бара жатыр.
Жылжып өткен жылдар адамның жүзіне өз ізін қалдырмай тұрмайды, бірақ соған көбіне біздің де үлесіміз үлкен.
Менің қатарымда мен сияқты бала көп болған шығар деп ойлаймын, бірақ олардың әкелері оларға сенген жоқ, болашағына қаржы салған жоқ.
Ал біздің Төкеңнің (әкем ғой) көшіп отырған жерлерін қарасаң менің жетілу мектептерім екен.
Жасыратыны жоқ әлі қатал.
Неше баланың әкесі болсам да ол кісіге өтпелі кезеңнен өтіп жатқан бозбала сияқтымын, бірақ желкемде сондай өткір көз бен сұсты жанар тұрмаса не боп кетерімізді Құдай білсін.
Әкең бір халық бір еркелете берген соң орныңнан тұра алмай қаласың ғой.
Ең бір жүрегімді қозғайтын нәрсе ешкімнің ата-анасы мәңгілік емес қой.
"Қалтылдаған қарттық деген жақсы нәрсе емес, бірақ ұзақ жасаудың одан басқа жолы жоқ" деп Бернард Шоу айтпақшы, менің ата-анам әйтеуір ерте үйленген жандар.
Ұл-қызының алдын аяқтандырып, немере иіскеп отыр.
Ендігі тілегім осы бастарында тұрған бақыттары баянды болса екен.
Әрбір әке баласына менің әкем құсап қараса, Қазақстан дамиды бұдан да мықты боп. Әкешім, Алла сізге амандық, денсаулық берсін, қос дүниенің бақытын, жақұтын, жақсылығын тілеймін.
Арқамды тірейтін алып таудай дүркіреген, күркіреген қалпыңызда жүре беріңіз.
Бізге тек туған күніңізді ғана тойлатыңыз!

Кім келер Алатаудың басына тең,
Қатар қойсам тұрасың қасына тең.
Қарағанның қалпағын құлататын,
Мен үшін ең биік сен- асыл әкем!" – деп жазды әнші өзінің www.instagram.com парақшасына. 




Көрілген: 907    Пікірлер: 0

сенбі, 27.06.2020, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31