"Әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен ыңғайсызданып бізге орысша үйрететін" - Жазира Байырбекова

07 маусым 2022, 13:00

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kzмедиа порталы.

"Менің анам да Алматы қаласында туып өскен орыс тілді қыз болған.Әкеме тұрмысқа шығып,ауылда қалып таза қазақ тілді ана болды.
Бала күнімізде Алматыға Нағашы әжемнің үйіне қыдырып келгенде әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен,автобустағы халықтан ыңғайсызданып,бізге орысша үйретіп әуреленетін.

Аллаға шүкір!
Ол кезге қарағанда қазір ана тілімізге деген құрмет бар.

Әлі де қазақтың бәрі қазақша сөйлей алмай жүргеніне халық кінәлі емес
ӨКІМЕТ кінәлі", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Caravan.kz