Инста-Алаш

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Шымкент қаласының халқымен кездесті

  • «Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Шымкент қаласының халқымен кездесті

    «Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Шымкент қаласының халқымен кездесті

«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаева Шымкент қаласының халқымен кездесті. Іс-шараға сайлауалды штаб мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаттары және аймақтық штаб белсенділері қатысты.




Дания Еспаева өзінің сайлауалды бағдарламасын жергілікті кәсіпкер, педагог, дәрігер мен қала студенттеріне таныстырды. Тұңғыш әйел-үміткермен кездесуге көпбалалы аналар да келді.




Негізінен, сайлаушылар тарапынан жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, білім беру сапасы және зейнет жасының ұлғаюы сынды әлеуметтік сұрақтар қойылды.

«Мен барған кездесулердің барлығында дерлік, әйелдер зейнет жасын ұлғайтпау туралы өтініштерін білдіреді. Бұл мәселе ауыл тұрғындары болсын, қала тұрғындары болсын – барлығын мазалып жүр. Қаржыгер ретінде, әлеуметтік мәселелердің барлығын, оның ішінде әйелдерді 58 жастан зейнетке шығару үшін – ел экономикасын жақсарту керек деп айтамын. Ал оған, өз кезегінде мықты бизнес болу керек», - деп, үміткер мемлекеттің отандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету керектігін атап өтті.




Үміткерге Шымкент қаласының ірі тоқыма фабрикасының қызметкерлері де сұрақтарын қойды. Кәсіпорынның жұмыс істемей жатқанына 3 жылдай болғандықтан, мыңдаған адам, оның көбі әйелдер қауымы, жұмыссыз қалған. Дания Еспаева орын алған жағдайды реттеп, оның шешімін табуға үлес қосатынын айтты.

Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.



25 мамыр 2019 жыл,

«Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалы


 




Көрілген: 1867    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 12:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31