“Ақша жетпейді”, “көп ақша тапқым келеді”, “қарызым көбейді” деп “ыңылдай” бергеннен ештеңе өзгермейді
Бір кісі ескі үйдің жанынан өтіп бара жатыпты. Есіктің алдында күншуақта қария кісі газет оқып отыр екен. Ал қасында иті жатыр. Жай жатпай, ыңырсып, қыңсылап жатыр екен. Әлденеден қатты қиналғандай.
⠀
Өтіп бара жатқан кісі иттің сонша қыңсылағанына таң қалып, &ldquoне боп қалды екен&rdquo деп ойлап кетеді.
⠀
Келесі күні өтіп бара жатып, дәл сол көріністі қайта көреді. Қария газет оқып отыр, ал иті әлденеге қиналып ыңырсып жатыр.
⠀
Себебін білгісі келген кісінің қызығушылығы одан сайын артады да, &ldquoертең тағы көрейін, ит дәл осылай қыңсылап жатса, иесінен сұрайын&rdquo, дейді.
⠀
Ертесі өтіп бара жатса, тағы да солай. Қария газет оқып, иті қиналып жатыр.
⠀
⁃ Кешіріңіз, - дейді қарияның жанына жақындап: - итіңізге не болған?
⁃ Итім ба? Ааа ол шегесі бар ағаштың үстінде жатыр.
⁃ Шегенің үстіне жатып қалса, ол денесіне кіріп сонша ауыртса, неге орнынан тұрып, басқа жаққа жатпайды? - дейді таң қалған адам.
⁃ Демек, қарағым, оның денесіне батқан АУЫРЛЫҚ ҚЫҢСЫЛАЙТЫНДАЙ АУЫРТҚАНЫМЕН, ОРНЫНАН ЖЫЛЖИТЫНДАЙ ҚАТТЫ БОЛМАҒАНЫ ҒОЙ.
⠀
Осы тәмсілдегідей жаныңыз ауыратын проблема көп болса да, орыннан тұрып, одан құтылудың жолын жасамасаңыз, демек, сізге осылай комфортно. Қиналғаннан ләззат аласыз.
&ldquoАқша жетпейді&rdquo, &ldquoкөп ақша тапқым келеді&rdquo, &ldquoақшамды жаратып тастай берем&rdquo, &ldquoқарызым көбейді&rdquo деп &ldquoыңылдай&rdquo бергеннен ештеңе өзгермейді. Оны шешу керек! Әрекетті ауыстырыңыз. Ләззатты қиналудан емес, рахаттанудан алуды көздеңіз
⠀
Мына тәмсіл ой салды ма? Бөлісе отырыңыз. Бәлкім, осы ит сияқты қинала беретін, бірақ ештеңе өзгертпейтін танысыңыз бар шығар?