Ақтаулық блогерге екі бірдей жігіт ұсыныс жасады

04 мамыр 2022, 16:50

Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосоваға бірдей екі азамат ұсыныс жасады. Блогер әзірге екі азаматқа жауап бермеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

 

Жігіттер арудың көңілінен шығу үшін қолдарынан келгендерін жасауда.

 

Біреуі ол үшін Ақтауға көшуге дайын болса, ал екіншісі 10-шы қабатқа көтеріліп, ол үшін сыйлық жасауға дейін дайын.

 

Салтанат Instagram желісіндегі парақшасында таңдауға уақыт керек екенін айтты.

 

"Не болса да Аллахтың қалауымен уақыттың еншісінде. Өмірде күтпеген жағдайларға орын алады деген рас екен" деп жазды Салтанат.